«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»
«Экономика және құқық» кафедрасы 2023 жылдың 10 қазан күні сағат 1030-да Акт залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты іс-шара студенттер мен және професессорлық-оқытушылар құрамымен өткіздік.
Университет басшылары студенттермен кездесті
«Бастауыш білім және өнер» факультетінің 1 курс студенттері университет ректоры ҚР ҰИА корр. мүшесі, т.ғ.к., доцент Қ.С. Байболов және Оқу әдістемелік ісі жөніндегі проректор П.Т. Байнеевамен кездесті. Кездесу барысында 1 курс студенттерімен ашық диалог форматында студенттік өмірдің маңызы, білім алудың инемен құдық қазғандай қиын екендігі және студент жастардың білім алу үшін барлық күш-жігерлерін салу керектігі туралы айтылды.
Сонымен қатар университет басшысы ішкі тәртіп ережелерін, академиялық адалдық саясатын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.
Сенбілік жұмыстар
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасын қолдау мақсатында Ж. Тәшенев университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы, академик О. Аяшұлының тапсырмасына орай, ертең (07.10.2023ж.) барлық құрылым қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер сенбілікке шығатындығын хабарлаймыз.
1. Әр оқу ғимаратындағы құрылым қызметкерлері өз ғимараттарының ауласы (ішкі, сыртқы) мен ғимарат алдындағы көше бойларын тазалауға тартылады.
2.Факультеттер:
2.1. Филология факультеті «Алтын Орда» ғимаратына;
Тәшенев Университетінің өкілдері NOBEL FEST форумына қатысуда
Жұмабек Тәшенев университетінің ғылым жөніндегі проректоры Шолпан Жақсылыққызы Арзымбетова мен университеттің академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Әлия Құрбанқызы Оралбекова Елордада өтіп жатқан Nobel Fest және Teacher’s Sammit алтыншы халықаралық форумының жұмысына қатысуда.
Белгілі спорт саңлақтары Тәшенев Университетінде
Ж.Тәшенев университетінің 25 жылдық мерей тойына орай «Даңқты спорт саңлақтары Тәшенев университетінде» тақырыбында әлем чемпиондары атанған спортшылардың студент жастармен кездесуі болып өтті.
Ұстаздар ұлықталған күн
Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.
Университетімізде ұстаздар күніне «ҰСТАЗ ҰЛЫ ҰҒЫМ ӘРІ МӘҢГІЛІК» атты салтанатты шара болып өтті.
Құрметті ұстаздар, білім саласының қызметкерлері!
Сіздерді дүниежүзілік мұғалімдер күні кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Мұғалім – мәртебелі мамандық иесі. Адамзат қоғамдастығының зиялы шоғырын қалыптастырып, тәрбие, білім және ғылым биігіне бастайтын ұстаздар қоғамның ең алдыңғы қатарлы өкілдері болып табылатыны ақиқат.
Жаңаша бағыт түсіндірілді
Жұмабек Тәшенев университетінің "Алтын Орда" ғимаратында филология факультетінің бірінші курс студенттері университет ректоры Қанат Сейітжанұлы Байболовпен өткен сұхбат кездесуіне қатысты. Жиынға университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Парида Тұрғынбайқызы Байнеева, оқу орнымыздың тіркеу және студенттік кеңсе бөлімінің басшысы А.Жүнісова қатысты.
Tashenev university студенттері тазалық эстафетасын жариялады
Қоршаған ортамен үйлесімді тірлік кешу – әрбір саналы азаматтың борышы. Экологиялық қауіпсіздік мәселесі – мемлекеттік басымдығы бар стратегиялық міндет. Білімге қадам басқан әрбір азамат айналасының таза болуына қам жасап, қоршаған ортаны ұқыпты ұстауға дағдыланады. Экологиялық сана жүйесін қалыптастыру арқылы қоғам өзін-өзі тәрбиелеуге мән беріп, табиғатты аялауға, туған жердің қадірін арттыруға кешенді көзқарас қалыптастырады.
Ардагерлер кеңесінің құрамы жасақталды
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі Ғылыми кеңесінің шешіміне орай, 2023 жылдың 5 қазанында университеттің Ардагерлер кеңесінің құрамы жасақталды. Саны 13 кісіден тұратын Ардагерлер кеңесі құрамының «5 қазан- Ұстаздар күні» мерекесімен тұспа-тұс келуін кеңес құрамындағы ардагер-ұстаздар жақсылыққа балады.