"Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі" кафедрасы
- 1 view
Туребеков Биржан Анарбекович
кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
✆ Телефон: + 7702-502-44-52
✉ E-mail: k-dt-sport@tashenev.edu.kz
- Кафедра туралы
-
«Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы 1998 жылы құрылған және «Сырдария» университетінің алғашқы кафедраларының бірі болып табылады. Мұнда дене шынықтыру және спорт мамандары дайындалады. Біздің түлектер-әртүрлі жеке және мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін кәсіби оқытушылар, жаттықтырушылар және әртүрлі спорт түрлері бойынша нұсқаушылар.
Біз студенттердің зерттеу жұмысына үлкен мән береміз. «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі», «Спартакиада», «Олимпиадалық білім» кабинеттерімен және спорт кешендерімен жабдықталған. Кафедра жанынан «Кәсіпқой –спортшы» арнайы студенттік клуб жұмыс істейді.
Спорттық жетістіктерді арттыру үшін кафедрада бірнеше спорттық үйірмелер жұмыс істейді: Үстел теннисі, Еркін күрес, Баскетбол, Волейбол, Футбол, Қазақ күресі, Гандбол, «Тәшенев» құрама командасы түрлі ауқымдағы жарыстарға қатысады.
Біздің студенттер Қазақстандық, халықаралық және университеттік зерттеу конференцияларына белсенді қатысады. Профессор-оқытушылар құрамының кәсібилігінің арқасында кафедра студенттері теориялық және практикалық білімнің жоғары деңгейіне ие болады және бүгінгі өзгермелі әлеуметтік-экономикалық ортада сауатты шешімдер қабылдауға қабілетті.
2022-2023 оқу жылынан бастап 6В01401 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының студенттері Шымкент қаласы «Ж.А. Тәшенев атындағы университет» АҚ оқуын жалғастыруда.
Кафедраның білім беру бағдарламалары:
1. 6В01401-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
2. 6В01409 - Дене шынықтыру және спорт (IP) - Кафедра оқытушылары
-
"Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі" кафедрасының штатында 11 адам – 1 ғылым докторы, профессор, 7 ғылым кандидаты, оның 1-уі профессор, 3-уі доцент, 2-уі ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 7 ғылым магистрі, аға оқытушылар жұмыс істейді. Кафедра оқытушылары практикалық білімдеріне сүйене, оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, белсенді түрде оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізіп отырады. Сонымен қатар, шетелдік ғылыми журналдарда, отандық басылымдарда өздерпінің ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялап отыруды әдетке айналдырған.
Мамандыққа қызмет көрсететін сапалы профессор-оқытушылар құрамы, олардың базалық білімі біліктілік талаптарына сәйкес келеді, ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі және біліктілігін арттыру оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес келеді.
1. Козбаев Ерлан Усербаевич
2. Маханбетова Аяулым Қожантайқызы
3. Молдабеков Ерлан Онласынович
4. Мильдоходжаева Гульсун Сейдалиевна
5. Мырзабек Лесбек Әліпұлы
6. Муталиев Бекарыс Турдикулович
7. Сапарбеков Нурмухан Сапакович
8. Туребеков Биржан Анарбекович
9. Юсупов Алымжан Равшанович
10. Нұржан Нұрбақыт Нұржанұлы11. Әжібеков Талғат
- Кафедрадағы білім беру бағдарламалары
-
6В01409 - Дене шынықтыру және спорт (IP), 6В01401- Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау жоғары білім беру бағдарламасы Еуропалық біліктілік пен ұлттық біліктілік шеңберіне және Дублин дескрипторларына, Педагогтің кәсіби стандартына сәйкес келеді және өңірлік еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып әзірленген құжаттар жүйесін қамтиды.
Білім беру бағдарламасы қойылған мақсатты, күтілетін нәтижелерді, білім беру процесін жүзеге асырудың шарттары мен технологияларын, Берілген бағыт бойынша бітірушіні даярлау сапасын бағалау саясатын және оқу жұмыс жоспарының мазмұнын айқындайды.
Түлектің кәсіби қызмет саласы:
6В01409 - Дене шынықтыру және спорт (IP), 6В01401-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры білім беру саласында өзінің кәсіби қызметін жүзеге асырады.Түлектің кәсіби қызметінің нысандары:
- жалпы білім беретін оқу орындарында;
- жалпы білім беретін орта мектептерде, лицейлерде, гимназияларда;
- кешенді мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде;
- спорт клубтарында;
-дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыс жөніндегі нұсқаушы-әдіскер
- жаттықтырушы (спорт түрлері бойынша)
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары.
Түлектің кәсіби қызметінің түрлері:
- оқыту;
- тәрбие;
- әдістемелік;
- зерттеу;
- әлеуметтік-коммуникативтік.
Түлектің кәсіби қызметінің міндеттері:
- оқытушылық;
- оқу ақпаратын тарату және оқыту;
- білім алушыларды оқыту және дамыту;
- білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру;
- педагогикалық процесті жобалау және басқару;
- педагогикалық қызмет нәтижелерін болжау, түзету және диагностикалау.
Тәрбиелік:
- білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тарту;
- педагогикалық процестің заңдарына, заңдылықтарына, қағидаттарына, тәрбие механизмдеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыру;
- сабақтан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау;
- нақты тәрбиелік міндеттерді шешу,
- сыныптан тыс жұмыста оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі формалары мен әдістерін таңдау және қолдану;
- осы сыныпта сабақ беретін оқушылар ұжымымен, мұғалімдермен, ата-аналармен байланыс орнату.
Әдістемелік:
- білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
- әр түрлі деңгейдегі білім беру мазмұнын жоспарлау;
- оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтау;
- оқупроцесіндежаңапедагогикалықтехнологиялардықолдану.
Зерттеу:
- білім беру мазмұнын меңгеру деңгейін зерделеу және білім беру ортасын зерделеу;
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;
- білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және жалпылау;
- педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижелерін оқупроцесіне енгізу;
- білім беру мазмұнын меңгеру деңгейін зерделеу және білім беру ортасын зерделеу;
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;
- білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және жалпылау;
- педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу.
Әлеуметтік коммуникативті:
- кәсіби қоғамдастықпен және білім берудің барлық мүдделі тараптарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру;
- білім алушыларды тәрбиелеу және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және педагогикалық қолдау көрсету.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің стратегиялық даму жоспарының мақсаттары мен миссиясына сәйкес айқындалған.
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығының талаптарына сәйкес жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікке ие бәсекеге қабілетті дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау
Білім беру бағдарламасының міндеттері:
- кәсіптік қызметті тиімді орындау үшін қажетті білім алушылардың жалпы мәдени, кәсіптік және арнайы құзыреттерін қалыптастыру;
- білім алушыларда тұлғааралық құндылықтар негізінде әлеуметтік жауапкершілік пен кәсіби этикалық нормаларға бейімділікті қалыптастыру;
- білім алушыларды кәсіби жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру негізінде білім беру сапасының деңгейін ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру;
- білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес білім алушылардың кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру;
- үштілдік тұғырлығы, функционалдық сауаттылық және салауатты өмір салты негізінде қоғамды жаңартуда белсенділік танытатын жоғары білімі бар мамандарды даярлауды қамтамасыз ету.
Кафедрада жоғары ғылыми әлеуеті бар білікті мамандар жұмыс істейді. Білікті мамандардың қызметі нәтижесінде 2021 жылғы 16-17 маусымда «Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық Агенттіктен» бес жылға мамандандырылған арнайы аккредиттеуден сәтті өтті.
- Пәндер презентациялар
- Оқу-әдістемелік жұмыс
-
6В01409 - Дене шынықтыру және спорт (IP), 6В01401 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау кафедрағабекітілген.
Білім беру бағдарламасының барлық пәндері бойынша электрондық контенттер мен тестілеу базасы әзірленді, олар үнемі жаңартылып отырады. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім алушылардың тұрақты қамтамасыз ету үшін оқытушылар веб-сайттың ресурстарын белсенді пайдаланады: студенттер үшін жеке кабинетте пәндер бойынша тапсырмалар, оларды тапсыру кестелері, пәнді игеруге ықпал ететін қосымша материалдар, емтихандарға дайындық сұрақтары пәндер бойынша тест тапсырмалары, соқыр бағалау технологиясы бойынша кейстер орналастырылады.
Біліктілікті арттырудың әртүрлі нысандары мен әдістері қолданылады: курстар, семинарлар, конференциялар, тренингтер және т.б. Онда оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру, білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, жаңа педагогикалық технологияларды енгізу мәселелері қаралады.
Білім беру бағдарламасы ғылымның, мәдениеттің, спорттың, экономиканың, техниканың, технологиялардың және әлеуметтік саланың дамуын ескере отырып жаңартылатын құжаттар жиынтығы нысанында әзірленеді және мыналарды қамтиды:
1) модульдік білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы;
2) элективті пәндер каталогы;
2) оқу жұмыс бағдарламаларын (силлабустарды) қоса алғанда;
3) тәжірибелердің өтпелі бағдарламасы;
4) қорытынды аттестаттау бағдарламасы;
5) білім беру бағдарламасындамытужоспары.
Таңдау компонентінің пәндері жыл сайын әзірленетін элективті пәндер каталогтарында ұсынылған.
Кафедрада оқу-әдістемелік жұмыстар: 6В01409 - Дене шынықтыру және спорт (IP), 6В01401- Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасын әзірлеу және бекіту рәсімі; еңбек нарығын зерделеу; дене шынықтыру мұғалімдерінің, жұмыс берушілердің болашақ мамандарға қойылатын талаптарын, студенттер мен түлектердің тілектері мен пікірлерін дайындау; МЖМБС, ЭПК және кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламасының бастапқы нұсқасын қалыптастыру; кафедрада әзірленген білім беру бағдарламасын жұмыс берушілермен бірлесіп талқылау және сараптау және оны университеттің Ғылыми кеңесінде бекітуге ұсыну, университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ректордың білім беру бағдарламасын бекіту.
Оқу мерзімі: күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта білім базасында-4 жыл. Техникалық және кәсіптік білім беру базасында күндізгі қысқартылған нысанда-3 жыл. Жоғары білім базасында-2 жыл. Оқыту тілі-қазақ, орыс.
Ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық тануды қамтамасыз ету, білім алушылар мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ұтқырлығы үшін жағдайлар жасау, білім беру сапасын арттыру мақсатында кредиттік технология бойынша жүзеге асырылады.
Кафедрада оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша оқу-әдістемелік кешендерді дайындау және профессор-оқытушылар құрамымен ашық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу кестелері дайындалды. - Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ
-
ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмысы дене шынықтыру және спорт саласындағы өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталған.
«Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттары:
1.Бұқаралық спортты дамытудың жаңа ғылыми бағыттары мен жолдары, спортшыларды психологиялық даярлау технологияларын жетілдіру.
2. Бұқаралық спортты дамытудың тиімді жолдарын іске асыру бойынша «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады.
Кафедраның аға оқытушысы Б. А. Туребеков «Қазақстандағы бастауыш сыныптарда Дене шынықтыру пәні бойынша 3 сағаттық сабақтың тиімділігін дәлелдеу» тақырыбында Қырғызстан Республикасында кандидаттық диссертациясын 2022 жылы қорғап шықты. Оқытушы профессор құрамыда Ғылыми-зерттеу жұмысы мұнымен тоқтап қана қоймай, халықаралық деңгейде де дамуда.
Біздің оқытушылар мен студенттер Тәжік педагогикалық институтымен, Достоевский атындағы университет және Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университетімен үнемі онлайн-конференциялар мен біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады.
Ғылыми-зерттеу жұмысы мақалалар, монографиялар дайындауды, ғылыми конференцияларға қатысуды, ғылыми жобаларды әзірлеу мен іске асыруды, дипломдық жұмыстарға ғылыми жетекшілік етуді қамтиды. Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері элективті курстар, оқу құралдарын, ғылыми мақалаларды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындау және жазу шеңберінде оқу процесіне енгізіледі.
2019 жылдан 2021 жылға дейін «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ПОҚ-ның жарияланған жұмыстарының саны 60-ты құрайды: оның ішінде Scopus базасына кіретін журналдардағы мақалалар, Импакт фактор – 2; ККСОН ұсынған журналдардағы мақалалар-5, халықаралық конференциялар жинақтарындағы мақалалар – 27, ҚР басылымдарындағы мақалалар-23, оқу құралы – 3.
- Халықаралық байланыс
-
Халықаралық байланыстар бойынша кафедра бірнеше шетелдермен тығыз қарым-қатынас жасайды.
Атап айтсақ:
Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық Универсиеті
(Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы);
Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті (Өзбекстан, Шыршык қаласы);
Тәжікстан Республикасының педагогикалық институты (Пенджикент қаласы);
Достаевский атындағы университет (Ресей, Омбы қаласы). - Практика базалары
-
6В01409 - Дене шынықтыру және спорт (IP), 6В01401- Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасында студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін кәсіби практикадан өту көзделген. Бұл бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және түлектердің еңбек нарығының жағдайларына әлеуметтік-психологиялық бейімделуі үшін маңызды мәнге ие.
Кәсіби базаларда практикадан өту кезінде студенттер жеке кабинеттерінде қол жетімді жұмыс бағдарламаларын басшылыққа алады. Тәжірибе нәтижелері мен олардың тиімділігі тәжірибе туралы есептерде көрінеді. Практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттар негізінде, сондай-ақ жеке шарттар негізінде жүргізіледі.
6В01409 - Дене шынықтыру және спорт (IP), 6В01401-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының студенттері үшін Түркістан облысы мен Шымкент қаласының үлгілік мектептерімен және мамандандырылған лицей-гимназияларымен шарт жасалды.
Практика базалары:
Шымкент қаласы білім басқармасының "№ 119 Маятас жалпы білім беретін орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Байтұрсынов атындағы №5 жалпы орта мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің"Абай атындағы №4 Жалпы орта мектеп-гимназиясы " КММ;
Жетісай ауданының білім бөлімінің" Дінмұхамед Қонаев атындағы і-мектеп-лицейі №9 " коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының«Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі,Түркістан облысы;
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Б. Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясы» КММ;
Шымкент қаласы білім басқармасының «А. Бөкейханов атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Шымкент қаласы білім басқармасының «З. Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК;
Шымкент қаласы білім басқармасының «Ұлықбек атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ;
Шымкент қаласы білім басқармасының «А. Науаи атындағы №11 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Шымкент қаласы білім басқармасының «Ақпан батыр атындағы № 10 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ.
- Тәрбие жұмыстары
-
Университетте білім алушыларды әлеуметтік-психологиялық қолдауды қамтамасыз етілген. Оқу–білім беру процесінің барлық қатысушыларына кешенді психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік консультациялық көмек көрсету үшін қажетті жағдайлар жасалған. Осы мақсатта университетте тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма құрылды, оның құрамында жастар Комитеті жұмыс істейді. Бұл құрылымдық бөлімшелер университеттің басқа да қолдау қызметтерінің қатарында оқу уақытында да, оқудан тыс уақытта да білім алушылармен үздіксіз жұмыс жасайды. Тәрбие жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бөлімшелер бола отырып, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер басқармасы және университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және басқа да қоғамдық, коммерциялық, қайырымдылық ұйымдарымен өзара байланыс жасайды.
Білім алушыларына әлеуметтік қолдау шеңберінде университеттің білім беру ортасына бейімдеу мақсатында «анықтамалық–жолсілтеме» үнемі өзектендіріліп отырады, ол қағаз түрінде де, электрондық тасымалдағыштардада қолжетімді. Білім алушы «Жеке кабинетке» кірген кезде «білім беру ресурстары» ресми сайтта көрінеді. «Анықтамалық-нұсқаулық» ішкі тәртіп ережелері, білім беру процесінің ұйымдастырушылық және рәсімдік нормалары, бірінші курс апталығын өткізу, студенттік кампустарда ПОҚ кезекшілігін ұйымдастыру туралы жүйеленген мәліметтерді қамтиды.
Студенттерге оқу ақысына жеңілдіктер беру қарастырылған. Студенттердің спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге, клубтарға бару мүмкіндігіне, сондай-ақ оқудан тыс уақытта жұмыс істеу мүмкіндігіне кепілдік беріледі. Бұл студенттің оқуы, жұмысы және жеке демалысы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.
Стратегиялық даму жоспарына сәйкес: жетім студенттер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды материалдық қолдау, аз қамтылған және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан студенттерді материалдық қолдау көзделген.
Студенттердің әртүрлі топтарының, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі студенттердің қажеттіліктерін жүйелі есепке алу жүргізіледі. Тұрғын үйге, қаладан тыс келген студенттерге, шетел азаматтарына қажеттілікті қамтамасыз ету үшін университеттің жатақханасында орын беріледі.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу