"ІТ, экономика және құқық" факультеті
- 1 view

Оразов Бексултан Даулетович
"ІТ, экономика және құқық" факультетінің деканы
✆ Телефон: +7 747 370 7370
✉ E-mail: f-it-econ@tashenev.edu.kz
Факультеттің құрамында 2 кафедра бар:
Факультеттің сипаттамасы
«Жаратылыстану және экономика» факультеті 2014-ші жылдың наурыз айынан бастап «Химия және биология» мен «Экономика және математика» факультеттері біріктілуі негізінде құрылды. Факультетті бірқатар белгілі ғалымдар басқарған: Ч. Ибраимов, Ғ. Қ. Бейсенова, Е.Қ. Дошманов, Д.Т. Исакова және А.Ж. Тажекова, П.А. Абдуразова басқарды. 2020-2021 оқу жылынан факультет деканының міндетін атқарушы, аға оқытушы К.А. Исаева. Факультеттің құрамына «Жоғары математика және физика», «Жаратылыстану ғылымдары» және «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедралары кіреді. Факультетте 41 профессор – оқытушылар жұмыс жүргізуде: оның ішінде ғылым докторы – 2; ғылым кандидаттары, доцент – 19, PhD доктор - 1, ғылым магистрі – 18, аға оқытушы – 1. Факультет бойынша ғылыми дәрежесі- 54 %, Факультетте оқу үдерісі оқытудың жаңа жүйесі кредиттік технология негізінде жүргізілуде. Факультетте материалдық – техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай. Факультетте жалпы 398 студенттер бар. 1 курста – 139, 2 курста – 103, 3 курста – 64, 4 курста - 89. Факультетте оқитын студенттің заман талабына сай білікті маман болып жетілуі үшін университет тарапынан барлық жағдай жасалған. Студенттердің құрамында 12 мемлекеттік білім грантының иегері, 2 университет гранты, 2 студент облыс әкімінің жолдамасымен білім алуда.
Факультет келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:
1. 6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау
2. 6В01502-Физика мұғалімдерін даярлау
3. 6В01503-Информатика мұғалімдерін даярлау
4. 6В01504-Химия мұғалімдерін даярлау
5. 6В01505-Биология мұғалімдерін даярлау
6. 6В01507-Химия-Биология мұғалімдерін даярлау
7. 6В05101-"Биология"
8. 6В06101-"Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"
9. 6В06102 -"Информатика"
Ұжымда белгілі ғалымдар және тәжірибелі педагогтар қызмет атқарады. Ғылыми-педагогикалық қызметпен 44 профессор–оқытушы: оның ішінде 10 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 1 философия докторы (PhD), 17 ғылым магистрі, 5 аға оқытушы айналысады. Факультет бойынша ғылыми дәрежелі, атағы бар оқытушылардың үлесі 50% құрайды. Факультеттің материалдық-техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай. 2010 жылы «Сырдария» университетінің «Жаратылыстану» факультеті жанынан Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Орталықты химия ғылымдарының кандидаты, доцент О.Н.Кобланова басқарады. Инновациялық ғылыми-зерттеу орталығында студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және зертханалық жұмыстарын жүргізулеріне арналған 4 арнайы лабораториялық кабинет бар. Олар: «Органикалық және ЖМҚ химиясы» лабораториясы, «Зоология және адам анатомиясы мен физиологиясы» лабораториясы, «Бейорганикалық және аналитикалық химия» лабораториясы және «Физика» лабораториясы. Бұл кабинеттер соңғы үлгідегі қондырғылармен және техникалық оқу-құралдарымен жабдықталған. Мұнда оқытушы-профессорлардың басшылығымен білімалушылар ғылым жаңалықтарын өндірістік негізге қою жолдарын қарастыруда.
Білім беру бағдарламаларының презентациялары
- 6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау
- 6В01503-Информатика мұғалімдерін даярлау
- 6В01504-Химия мұғалімдерін даярлау
- 6В01505-Биология мұғалімдерін даярлау
- 6В05101-"Биология"
- 6В06101-"Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"
- Басқа білім беру бағдарламалары бойынша презентациялар
-
Басқа білім беру бағдарламалары бойынша презентациялар https://cloud.mail.ru/public/Kte4/38HHU96CL
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАР
1. Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен 2. Оқытушының жеке жоспары 3. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы кафедраның есебі 4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы құжаттар, оның ішінде шетелдерде 5. Түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат 6. Оқытушыларының жарияланымдарының тізімі 7. ПОҚ шығарған оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі 8. Тәжірибе келісімдері 9. Элективті пәндердің жұмыс берушілерімен келісім хаттамалары 10. Халықаралық ынтымақтастық туралы есеп 11. Жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу туралы ақпарат 12. Білім беру бағдарламалары мамандандырылған бөлмелері мен зертханалары 13. Тезистерді, ғылыми кеңесшілер мен рецензенттерді бекіту туралы бұйрықтар 14. Дипломдық жұмыс 15. Кафедраның әдістемелік жұмысының жоспары 16. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары 17. Ашық сабақтарға талдау жүргізу хаттамалары |
|
Бейнероликтер. Материалдық-техникалық базасы
1. Биология мұғалімдерін даярлау, "Биология" білім беру бағдарламалары https://youtu.be/tqLU_e3C8UE
2. Химия мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы https://youtu.be/WXBnGWrQLbs
3. "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" және "Информатика" білім беру бағдарламалары https://youtu.be/4oq0xwSYmd8
4. Математика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы https://youtu.be/bKs-pDFuKm0
5. "Жаратылыстану" факультет туралы: https://youtu.be/YQ4IhrFtuYA
6. «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы туралы: https://youtu.be/VeH9dwii1Po
7. «Жоғары математика және физика» кафедрасы туралы: https://youtu.be/SA_eERYHVu8
8. «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы туралы: https://youtu.be/rMff0E9TcPI
9. Инновациялық ғылыми-зертеу орталығы туралы: https://youtu.be/oF9bOCzmU_k
Оқиға категориялары
🔎"Zan" деректер қоры 🔎 Tilqural.kz 🔎 Tilalemi.kz 🔎 Balatili.kz 🔎 Emle.kz 🔎 Termincom.kz 🔎 Sozdikqor.kz 🔎 Qazcorpora.kz 🔎 Qujat.kz 🔎 Tilmedia.kz 🔎 Atau.kz 🔎 Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу