Tashenev university студенттері тазалық эстафетасын жариялады

Қоршаған ортамен үйлесімді тірлік кешу – әрбір саналы азаматтың борышы. Экологиялық қауіпсіздік мәселесі – мемлекеттік басымдығы бар стратегиялық міндет. Білімге қадам басқан әрбір азамат айналасының таза болуына қам жасап, қоршаған ортаны ұқыпты ұстауға дағдыланады. Экологиялық сана жүйесін қалыптастыру арқылы қоғам өзін-өзі тәрбиелеуге мән беріп, табиғатты аялауға, туған жердің қадірін арттыруға кешенді көзқарас қалыптастырады.

Белгілі қоғаv қайраткері Жұмабек Тәшеневтің есімін иеленген университет жастар арасындағы тәрбие жұмыстарын қоршаған ортаға құрметпен қарау тұрғысынан ілгерілетуді қолға алып отыр. Осы орайда университет тәлімгерлері арасында «Тазалық күні» іс-шарасын тұрақты өткізуді көздеуде.

Осы абыройлы міндет аясында филология факультетінің студенттері Тазалық эстафетасын бастап, өздері білім алатын оқу корпусының айналасына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Студенттер эстафетаның жалғасын дене шынықтыру және спорт факультетінің білім алушыларынан күтетіндіктерін білдіріп, оларды тазалық іс-шарасына үн қосуға шақырды.