Әдеби кездесу өтті

Оқу ордамыздың 25 жылдығына орай жоспарланған жиырма бес іс-шара аясында Филология факультеті балалар жазушысы, публицист, ҚР президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан республикасына еңбек сіңірген қайраткер Бейсенбай Сүлейменовпен әдеби кездесу, сырлы сұхбат өткізді. Студенттер рухани азық алып, шығармашылықтың қыр-сырына қанықты. Елге, туған жерге деген сүйіспеншілігі еселене түсті.
     Университетіміздің абыройы асқақтай берсін. Шәкірттеріміз Тәшеневтей тау тұлғаның жолын жалғасын!
 

Танымдық-тәжірибелік апта

«Бастауыш білім және өнер» факультетінде 23.10.2023-27.10.2023ж.ж. күндер аралығында «Болашақ мамандарға заманауи білім беру жүйесі: әдістеме, тәжірибе» тақырыбында танымдық-тәжірибелік апталықтың бүгін екінші күні болып өтті. Аль-Фараби атындағы мектебінің мұғалімі Муханова Дамеш Жарылкапова «Үстеу» тақырыбында шебер сынып өткізді.

Ашық сабақ

20 қазан 2023 жылы «Бастауыш білім және өнер» факультетінің аға оқытушысы Сарсекенова Акзира 1 курс студенттеріне ПИК-23-5к топтарына «Жаратылыстану» пәнінен ашық лекция сабақ өтті. 
Сабақтың тақырыбы: Казакстаннын таулары, жанартаулар(вулкандар)». Ашық лекция сабаққа кафедра оқытушылары, п.ғ.к. кафедра меңгерушісі Жапбарова Г.А.,  п.ғ.к. доцент Ирметов О.А., магистр аға оқытушы Архабаева А.К.,  магистр оқытушы Тамабай Ә.М. қатысты. 

Халықаралық ынтымақтастың нәтижелі қадамдары

Күні кеше Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының ректоры профессор Шухрат Махмутович Тохтасимов және ол кісі басқарған оқу ордадан профессор, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Өзбекстандағы «Достық елшісі» Х.Хамроевалар Жұмабек Тәшенев атындағы университетіне іссапармен келді.

Құрметті әріптестер!

         Сіздерді «Бастауыш білім және өнер» факультетінің 23.10.2023-27.10.2023ж.ж. күндер аралығында  «Болашақ мамандарға заманауи білім беру жүйесі: әдістеме, тәжірибе» тақырыбында өткізілетін танымдық-тәжірибелік апталығына шақырамыз!
        Апталықта төмендегі мекемелердің тәжірибелі мұғалімдері мен психологтары студенттерге шебер сыныптар өткізеді. 
        Өткізілу орны Гагарина 22А корпусы, акт залы.

Бағдарлама

Оқушылардың мотивациясы және интерактивті технологиялар

Ф.ғ.к. Ж.Н.Ботабаеваның ашық сабағына қатыстым. "Әдебиеттануға кіріспе" пәнінен орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 1 - курс студенттеріне қажетті мағлұматтар мен көрнекіліктің заманауи үлгісін пайдаланған дәріс болды. Шәкірттер "Әдебиеттегі тек, жанр, жанрлық түрлер" тақырыбын жан-жақты меңгеруге мүмкіндік алды. Ашық сабаққа қатысқан оқытушыларға үлгі боларлық деңгейде өтті.

«Адалдық- ардың ісі»

2023 жылдың 17 қазанында Жұмабек Тәшенев атындағы университеті мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Адалдық ардың ісі» тақырыбында 1-3 курс студенттеріне дәріс өтті. Университеттің әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын ұйымдастырылып отырған дәрістің мақсатымен таныстырып өтті.

Педагог мамандарды оқушылардың функционалды сауаттылықтарын көтеруге бағыттау маңызы

Конакбаева Улжамал Жандаралиевна
Ж.А. Ташенев университетінің «Бастауыш білім және өнер» факультетінің деканы, PhD докторы Оразов А.О. Мирас университетінің аға оқытушысы

Педагог мамандарды оқушылардың функционалды сауаттылықтарын көтеруге бағыттау маңызы

PDF-нұсқа

Жұмыс жоспары пысықталды

Жұмабек Тәшенев атындағы университеті "Өнер және саз" факультетінің деканы Ұлжамал Қонақбаева мен факультет доценті Бөрі Иса оқу ордасының 25 жылдық мерейтойының дайындық барысын, іс-шаралар жоспарын пысықтады.
Білім алушыларға арналған дәрістер жайлы сөз қозғады. Факультет оқытушылары өзара пікір алмасып, жүйелі жұмыстың жоспарын түзді.
 

Жеңіс тұғырынан көріну үшін сәттілік тіледі

Шымкент қалалық Жайдарман ойындарының 2023 жылғы маусымашар ойынында Тәшенев университетінің намысын қорғап "Байтұрсынова 79/1" командасы өнер көрсетті.
Команда 1/4 ширек ойындарына жолдама алды. Университетіміздің Жастар саясаты бөлімінің басшысы Әбжан Тұрсынбекұлы ширек ойындарға жолдама алған жігіттерге барынша қолдау білдіріп, алдағы ойындарға сәттілік тіледі.
 

Оқиға категориялары