Ардагерлер кеңесінің құрамы жасақталды

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі Ғылыми кеңесінің шешіміне орай, 2023 жылдың 5 қазанында университеттің Ардагерлер кеңесінің құрамы жасақталды. Саны 13 кісіден тұратын Ардагерлер кеңесі құрамының «5 қазан- Ұстаздар күні» мерекесімен тұспа-тұс келуін кеңес құрамындағы ардагер-ұстаздар жақсылыққа балады.
Университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Ғалымжан Шәмшідінұлының жетекшілігімен өткен алғашқы отырыста ардагер-ұстаздар өзара ашық дауысқа салу тәртібі арқылы кеңес төрағасы мен хатшысын сайлап алды. Ардагер-ұстаздардың өзара ұсынуымен және жаппай қолдап дауыс беруі тәртібімен өткен отырыста Ардагерлер кеңесінің төрағасына «Өнер және саз» кафедрасының аға оқытушысы, профессор Мажитов Ұлықбек Халматович, кеңес хатшысына «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Кенжебаева Улжан Елюбаевна ұсынылды.