«Fashion индустрия» білім беру бағдарламасы

«Fashion индустрия» жоғары білім беру бағдарламасы - сән индустриясы үшін кадрларды кәсіби даярлауға бағытталған. Біз қазақстандық және халықаралық деңгейде сұранысқа ие fashion индустриясында жоғары білікті, әлеуметтік жауапты мамандардың жаңа буынының мамандарын дайындаймыз.

Негізгі міндет-болашақ маманға сән индустриясы, Киім және аксессуарлар дизайны, стиль мен Имидж, дизайн, модельдеу, технология, сән индустриясындағы бренд менеджменті және сән иллюстрациясы бойынша іргелі білім беру.

Заман сұранысындағы мамандық

Университетімізде «IT және экономика» факультетінде 41 профессор – оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Оның ішінде 2 ғылым докторы, ғылым кандидаттары, 19 доцент және 1 PhD доктор мен 18 ғылым магистрі және аға оқытушылар бар.

Жалпы 800-ге жуық студент оқытудың жаңа жүйесі - кредиттік технология негізінде білім алуда.

Мұнда студенттердің заман талабына сай білікті маман болып жетілуі үшін университет тарапынан барлық жағдай жасалған.

Қызылшаның алдын алу шаралары айтылды

Қазіргі таңда қызылша ауруының белең алуына байланысты университетіміздің студенттерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қызылша – ауа жолы арқылы өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі. Бұрын қызылшамен ауырмаған немесе қызылшаға қарсы екпе салдырмаған адам қызылшамен ауырған адаммен байланыста болса, жұқтырып ауырып қалу мүмкіндігі өте жоғары.

«Үздік ЖОО оқытушысы – 2023» байқауы

Байқау сайтына сілтеме: https://universitycontest2023.iac.kz/
Бейне нұсқауларына сілтеме: https://youtu.be/ZZ8cKJd8WQw
 

«Үздік ЖОО оқытушысы – 2023» атағын берудің онлайн конкурс жүйесі
Жарыс туралы

Ашық сабақ

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университеті «Филология» факультетінің тәжірибелі ұстаздары жоспар бойынша бектілген ашық сабақтарды жыл басынан бері өткізіп келеді.  

Ашық сабақ

31.10.2023 жылы кафедрамыздың магистр, оқытушысы Бердібек Айкерім Маратбекқызы, «Мәдениеттану және психология» пәнінен ФИ-23-9к1, ФИ-23-9к топтарына ашық сабақ өтті. 

Ойы зерек студенттер

Оңтүстік телеарнасында халықтың сүйікті бағдарламасына айналған Ойзерек бағдарламасына университетіміздің студенттері қатысып, алдағы басқада университет жастарымен бақ сынасуға жолдама алды. Студенттерімізге сәттілік!!!

Студенттердің жетістігі

6В01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша  студенттерін  психологиялық  курстарға қатысуын қамтамасыз ету мақстында ПИК-21-7к тобының студенті Досқалиева Даяна Қанайқызы «Нейропсихологиялық психомоторлық түзету» атты курсты және  «Талдау жүргізу рәсімдерін қолдану» атты  24 академиялық  сағаттан тұратын  тренингті өтіп, өз білімін шыңдап сертификат алды.

«Сурет» пәнінен ашық практикалық сабақ

27.10.2023ж. күні «Өнер және саз» кафедрасының оқытушысы, магистр Көбеева Нұргүл Мұхтарқызы 6В02101-Дизайн білім беру бағдарламасы бойынша 1-курс ПиК-23-14к тобына «Сурет» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес «Адам бас сүйегінің анатомиялық құрылымы» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді. Сабаққа кафедра профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің бойында шығармашылық  шабыттың оянғанын байқауға болады. Оқытушы студенттерге сабақтың жоспарын, мақсатын айқындап, көрнекіліктермен сабақтың тақырыбын аша түсті.

Мастер-класс пен психологиялық тренинг өтті

«Бастауыш білім және өнер» факультетінде 23.10.2023-27.10.2023ж.ж. күндер аралығында «Болашақ мамандарға заманауи білім беру жүйесі: әдістеме, тәжірибе» тақырыбында танымдық-тәжірибелік апталықтың бүгін төртінші күні болып өтті. 26.10.2023 күні Аль-Фараби атындағы мектебінің мұғалімі Сахова Ақбөпе Саятайқызы «Этностильдегі қолөнер бұйымдары» тақырыбында көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 2,3 курс студенттеріне жүннен жасалатын қолөнер бқйымдарының жасалу технологияларының бірнеше түрлерін қолданып,  шебер сынып өткізді. 

Оқиға категориялары