Академиялық мәселелер жөніндегі департамент
- 1 view
Оралбекова Алия Курбановна
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры
PhD докторы, доцент м.а.
✆ Ұялы телефон: 8702-293-60-00
✉ E-mail: academ@tashenev.edu.kz
Бөлімдер:
Департаменттің негізгі мақсаты - оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, білім беру бағдарламаларын жобалау, сараптау және оқу-әдістемелік сүймелдеуді қамтамасыз ету.
Департаменттің негізгі функциялары
1. Университеттің академиялық саясатын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша факультеттер мен құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.
2. Университеттің білім беру бағдарламаларының сапасын және тұрақты өзектендірілуін қалыптастырады. Стейкхолдерлердің білім беру бағдарламаларын жобалауға және сараптауға қатысуын қамтамасыз етеді.
3. Кадрлық әлеуетті қалыптастыруға және дамытуға қатысады.
4. Пәндерді оқыту мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерін әзірлейді.
5. Кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыру және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша факультеттердің қызметін үйлестіреді.
6. Академиялық қызмет мәселелері бойынша факультеттердің алқалы органдарының, комиссияларының және авторлық ұжымдарының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Республикалық деңгейдегі алқалы органдарда, сондай-ақ жоғары оқу орындарымен және басқа ұйымдармен бірлесе отырып Университеттің ұстанымын білдіреді.
7. Оқу процесін ұйымдастыруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптарды анықтайды.
8. Оқу процесін жоспарлауды, ұйымдастыруды, үйлестіруді және мониторингті қамтамасыз етеді.
9. Оқу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында білім беру процесіне академиялық және цифрлық инновацияларды енгізуді ұйымдастырады.
10. Оқу-әдістемелік мәселелер бойынша консультативтік-кеңес беру қызметін ұйымдастырады.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу