Университет басшылары студенттермен кездесті

«Бастауыш білім және өнер» факультетінің 1 курс студенттері университет ректоры ҚР ҰИА корр. мүшесі, т.ғ.к., доцент Қ.С. Байболов және Оқу әдістемелік ісі жөніндегі проректор П.Т. Байнеевамен кездесті. Кездесу барысында 1 курс студенттерімен ашық диалог форматында студенттік өмірдің маңызы, білім алудың инемен құдық қазғандай қиын екендігі және студент жастардың білім алу үшін барлық күш-жігерлерін салу керектігі туралы айтылды.
Сонымен қатар университет басшысы ішкі тәртіп ережелерін, академиялық адалдық саясатын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.
Оқу әдістемелік ісі жөніндегі проректоры П.Т. Байнеева студенттерге оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларына, кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің оқу бағдарламалары және оқу жоспарларына, кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру барысына тоқталып өтті.
1 курс студенттері қызығушылықтарын танытып, университеті басшылығына өздерін қызықтырған сұрақтарын жолдады.
Айта кетейік, жалпы факультет бойынша «Музыка мұғалімдерін даярлау» және «Дизайн» білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім грант иегерлері білім алуда.