Белгілі спорт саңлақтары Тәшенев Университетінде
- 1 view
Ж.Тәшенев университетінің 25 жылдық мерей тойына орай «Даңқты спорт саңлақтары Тәшенев университетінде» тақырыбында әлем чемпиондары атанған спортшылардың студент жастармен кездесуі болып өтті.
Университет жастарын қазіргі қазақ батырларымен кездестіру арқылы олардың патриоттық рухын қалыптастыру аясында өткен жиынға жекпе жектен әлем кубогінің чемпионы, бокстан ҚР чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, кәсіпқой спортшы Қаршыға Дауытбек, Джиу-джитсудан Азия чемпионы, Грепплинг АИГА 3-ші орын иегері, Дзюдодан ҚР спорт шебері, Грепплинг ADCC Азияда қола жүлдегер, қазіргі таңда ММА және Грепплингтен жаттықтырушы Марат Нахипов, жекпе жектен Қазақстан чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы, Халықаралық дәрежеде спорт шебері Әлібек Сейдазым және басқа да спорт додаларында елді таңқалдырып жүрген Нұрсұлтан Алишев, Ержан Естанов, Саят Абдуали, Бақдос Олжабай, Есімхан Рахматіллә, Наурызбай Қалтаев сынды азаматтар келді.
Университетіміздің 25 жылдығына орай кіші футболдан факультет аралық турнир болып өтті. Одан соң "Қонаев орталығы" ғимаратының мәжіліс залында студенттермен кездескен спорт саңлақтарына университет ректоры Қанат Байболов алғысын білдіріп, кездесу осындағы студент жастардың әлем чемпиондарынан үлгі алып, шабыттануына септігін тигізетінін жеткізді.
Сөз алған қонақтар Тәшенев университеті жастарына болашағының жарқын болуын, спортта тайсалмай жеңіске жетуіне тілектестік білдірді. Спортқа қызығушылығы бар белсенді студенттер чемпиондарға сұрақ қойып, тиісті жауаптарын алды.
Жиын соңында университет басшылығы келген қонақтарға алғыс білдіріп, марапаттады.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет