2021-2022 оқу жылына магистратураға қабылдау

📆 Өтініштер қабылдау мерзімі – 1–15 қараша 2021 жыл
📆 Оқуға түсу емтихандарын өткізу мерзімі – 18 қараша–11 желтоқсан 2021 жыл
📆 Конкурс өткізу мерзімі: 13- 25 желтоқсан 2021 жыл 
📆 Магистратураға қабылдау – 2021 жылдың 26 желтоқсан мен 2022 жылдың 10 қантарына дейін

Компьютерлік форматтағы кешенді тестілеуге қатысу үшін оқуға түсуші Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) ақпараттық жүйесі арқылы онлайн режимде өз бетінше өтініш береді.


1 2

💾 Магистратура бойынша кешенді тестілеуге қатысу үшін өтінішті қабылдау үлгісі (PDF)

КТ-ға өтініш беру (магистратура)

Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау

Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге қатысуға өтініш беру үшін:

  • testcenter.kz сайтына кіреді және интерфейс тілін таңдайды;
  • өтініш беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркеледі (электрондық поштаға келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау қажет);
  • түсушінің электронды поштасына жіберілген логин мен пароль арқылы авторизациядан өтеді (электронды поштаға келген логин мен парольді тестілеуге кіргенге дейін өшірмеу қажет);
  • ЖСН көрсетіп іздеу батырмасын басады (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және телефон нөмірін көрсетеді;
  • «өтініш беру» парақшасына өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» таңдайды;
  • қажетті тестілеу түрін таңдайды;
  • тіркеу деректерін толтырады;
  • түсуші КТ өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растайды;
  • төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасайды.

Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін «Сіздің өтінішіңіз қабылданды!» деген мәлімдеме шығады.

Түсушілер өз еркімен тестілеу тапсыру қаласын таңдайды.

     Егер де  түсушіге берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда (тестілеу тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеу тапсыру тілі), оларға өтініш беру базасы жабылғанға дейін (15 шілдеге дейін) түзетуге мүмкіндік беріледі.

     Ол үшін:

     1) «Менің тарихым» бетіне өту;

     2) өтінішті ашып, «Өтінішті түзету» батырмасын басу;

     3) өзгерістер енгізу;

     4) түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 18 шілдеде түсушінің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

Сілтеме: https://testcenter.kz/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/priem-na-obuchenie/dokumenty-pvo-kt/


  • КТ аймақтық тестілеу орталықтарында өткізіледі;
  • Өтініштерді қабылдау ҚР БҒМ ҰТО АЖ арқылы онлайн режимде іске асырылады;
  • Тестілеу кезінде тұлғаны сәйкестендіру көлемді-кеңістіктік (Face ID) нысанды сканерлеу арқылы жүзеге асырылады;
  • Магистратураға КТ компьютерлік форматта өтеді;
  • Электронды сертификат беру қарастырылған;
  • Апелляция онлайн форматта. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда оқуға түсуші тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады;
  • Магистратураға түсушілер ҰТО сайтында байқау сынағынан өте алады.

1

2

3

4

 


 

Кешенді тестілеу (КТ):

  • Шет тілі бойынша тест немесе шет тілін меңгергенін растайтын сертификат;
  • Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
  • Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

Білім беру бағдарламаларын таңдау, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу  немесе ақылы негізде оқу бойынша сұрақтарыңызды qabyldaukomissiyasy@gmail.com электронды поштасына жолдасаңыз болады. Толығырақ мәлімет алу үшін байланыс телефондары: + 7 702 138 03 10

 


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 маусымы № 237 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «__» _______  №____  бұйрығына  8 қосымша

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 7-қосымша

Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

 

Тест түрлері

Тапсырма нысаны

Тапсыру тілі

Тапсырма

саны

Балл

Шет тілі бойынша тест*

Тыңдалым 

Лексика-грамматикалық тест

Оқылым

Ағылшын/ Неміс/ Француз

50

50

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/ Орыс

30

30

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест **

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/ Орыс

30

30

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Қазақ/ Орыс

20

40

Барлығы

 

 

130

150

* араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсу үшін араб тілінен түсу емтиханы  тапсырылады.

** шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін шығармашылық емтихандар тапсырылады.

 


 

Білім беру бағдарламаларының бейіндік тобы бойынша тест тапсырмаларының байқау сынағы http://www.testcenter.kz сайтында.

«Онлайн байқау сынағы тапсыру» бөлімшесіне сілтеме: http://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/vstupitelnye-ekzameny/podgotovka-pretendentov-k-vstupitelnomu-ekzamenu-po-inostrannym-yazykam-postupayushchim-v-magistratu/index.php

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.