Әдеп кодексі

💾 Ар-намыс кодексі

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің оқытушылары мен студенттерінің Әдеп кодексі оқу мен жұмысқа қолайлы этикалық және психологиялық ахуал орнатуға арналған міндеттері мен тәртіптерінің жүйесі өнегелілік ережелерінің, қазақ қоғамы мен мемлекетінің жалпы халық мойындаған ережелер мен әдептілік принциптеріне негізделген.

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің оқытушылары мамандығын жетік меңгерген, жаңашыл ойлауға қабілетті, ой-өріс мүмкіндіктерін игерген, кәсіби және мәдени бағытталған тұлғаны дайындауды іске асыруда өз жауапкершілігін сезіне отырып, студенттермен бірлесіп басқару принциптерін дамыту мен нығайту мақсатында Әдеп кодексін қабылдайды.

Оқытушылар мен студенттер Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің өнегелілік пен танымдылықтың үлгісі болуына және Қазақстанның жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарын құруға белсенді атсалысады.

Мақсаты:

Бұл Кодекс мынадай мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді:

  • сапалы кәсіптік білімді ұсыну;
  • білікті көзқарасы арқылы болашақ мамандар мансабының өсуіне көмектесу;
  • өмірлік көзқарасы белсенді азаматтарды, бәсекелі ортада жұмыс істей алатын жетекшілерді тәрбиелеу;
  • студенттердің көпқырлы қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • білім алушыларды болашақта Қазақстанның экономикалық, саяси және басқарушылық элитасына лайық сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуға, парасаттылықтың, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі болуға ұмтылдыру

Мазмұны:

Университет оқытушылары мен студенттерінің оқу және еңбек тәртібі ережелерін сақтауы ЖОО Жарғысына, Ішкі тәртіп ережелеріне, осы Кодекстің нормаларына, сонымен қатар жалпы және іскерлік этика ережелеріне сәйкестікте жүзеге асырылады.

Негізі:

Кодекс Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің оқытушылары мен студенттерінің тәртіптерінің этикалық негіздері мен қарым-қатынастарын реттеуге негіздген.


1. ОҚЫТУШЫНЫҢ Әдеп кодексі

Оқытушы:

  • оқытушы студенттердің білімділігі мен мәдениеттілігіне қамқор болады, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелейді;
  • оқытушы педагогикалық шеберлігі мен өзінің теориялық білімін үнемі жетілдіріп отыратын кәсіби маман болуы тиіс, білім жолындағы ізденісі негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, нәтижелерді хабарлауда дәлелелдемелермен қамтып, пікір алысу барысында шыншылдық танытады;
  • оқытушы – ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліліктің белгісі, Қазақстан мемлекеттілігінің белсенді насихаттаушысы, жемқорлықтың, жауапкершіліксіздік пен тәртіпсіздіктің ұстамды қарсыласы.
  • оқытушы өз іс-әрекетімен студенттерге еңбек және оқу тәртібінің ережесін сақтаудың қажеттілігін, әріптестермен сыйласымды қарым-қатынас орнатуды дәлелдейді, өзіне, өзінің сөзі мен іс-әрекетіне талап қояды, өз қателіктерін ашық мойындайды және оны түзетеді.
  • оқытушы білімгерлер мен өз әріптестерін кәсіби бағалауда шыншылдық танытады, ол жинақы, оның сөзі ісіне сәйкес келеді, қызмет барысында өзінің бағытын ашық көрсетеді және өз көзқарасын дәлелдей біледі.

Оқытушы өзінің кәсіби қызметінде міндетті:

  • адам мен азаматтың абыройы мен намысын оның шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дін қатынасына, сеніміне, тұратын жеріне не басқа да жағдайларға тәуелсіз құрметтеуге;
  • жалпықабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік және басқа тілдерді, Қазақстан ұлттарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге;
  • Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті мен өз мамандығының беделін, дәстүрлерін қадірлеуге, сақтауға және арттыруға;
  • сыпайы және әдепті болуға;
  • ЖОО мүлкіне ұқыпты қарауға;
  • ЖОО аймағын көгалдандыруға көмектесуге;
  • қызметтік немесе оқу міндеттерін орындау кезінде киім киюде іскерлік стильді ұстануға, сыртқы келбеті көрнекі болуына;
  • кемшіліктерді жою және өз кәсіби қызметін жақсарту үшін конструктивтік сынды қолдануға ;
  • ЖОО миссиясын және білім беру саясатын ұстануға;
  • ЖОО Жарғысы мен Ішкі еңбек ережелерін сақтауға;
  • қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауға, жұмыста оң нәтижелерге жетуге;
  • кәсіби шеберлік, ғылыми және кәсіби білімдарлық, сендіру қабілеттерінің болуына және үлгі-өнеге көрсетуге;
  • оқытушы кәсіпқойлығын және ЖОО беделін арттыратын білім беру, мәдени және спорттық сипаттағы іс-шараларға белсенді қатысуға;
  • өздігінен білім алумен айналысу, біліктілігін арттыруға;
  • жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
  • қызметтік ақпаратты пайдақорлық пен басқа да жеке мақсаттарға қолданылуына жол бермеуге;
  • іске деген өз қатынасымен және жеке мінез-құлқымен ұжымда тұрақты және моральдық-психологиялық жағдай жасауға әсер етуге;
  • кадрларды жерлестік және тамыр-таныстық белгілері бойынша іріктеу жағдайларына жол бермеуге;
  • әріптестер тарапынан қызметтік тәртіп қағидаларын бұзу жағдайларына жол бермеуге;
  • іскерлік және жалпы мәдениетті сақтау, адамгершілік-этикалық қасиеттердің жоғары деңгейін: сыпайылылық, әдептілік, төзімділік, биязылық пен құрмет, адалдық, табандылық, әділеттілік, ибадаттылық, коммуникабельдік, сабырлық, мейірімділік, қатынасу дарындылығын көрсетуге;
  • басшылыққа оқу және қоғамдық қызмет мәселелері, сонымен қатар, егер жалпы тәртіп қағидаларына қарама-қайшы болмаса, жеке сипаттағы мәселелер жөнінде белгіленген тәртіпте жүгінуге;
  • міндеттерді және бағынушы қызметкерлер өкілеттіліктерінің көлемін олардың лауазымдарына сәйкес нақты анықтау, бағынушы қызметкерлерге орындай алмайтын бұйрық бермеу және олардың қызметтік міндеттер шеңберінен тыс тапсырмаларды атқаруларын талап етпеуге;
  • бағынушы қызметкерлерге не болмаса студенттерге қатысты негізсіз айыптарды, дөрекілікті, адами абыройын кемсітуді, жөнсіздікті болдырмауға;
  • бағынушы қызметкерлерді не болмаса студенттерді жалпы қабылданған моральдық-этикалық қағидаларға үйлеспейтін құқыққа қайшы теріс қылықтарды немесе әрекеттерді жасатуға итермелемеуге міндетті.

2. СТУДЕНТТІҢ Әдеп кодексі

Студент:

  • өз бойындағы жеке шығармашылық қабілеттерін дамытып, өзі таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуға, Қазақстан Республикасына лайықты азамат болуға ұмтылады.
  • үлкендерге құрметпен қарайды, өз ортасына қарым-қатынас кезінде дөрекілік танытпайды және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға жанашырлық көрсетіп, мүмкіндігінше қамқор болады.
  • парасаттылықтың, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі, әдепсіздікке және жыныстық, ұлттық, діни бөлулермен шектеулерге жол бермейді.
  • салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болады.
  • жоғарғы оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүліктерін қорғап, студенттер Үйінің тәртібі мен тазалығын қадағалайды.
  • жоғарғы оқу орнының атағы мен мәдениетін көтеруде шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған (ғылыми, спорттық, көркемөнер т.с.с.) барлық қажетті және пайдалы іс-әрекеттерді мойындайды.
  • жоғарғы оқу орнының қабырғасынан тыс уақытта, өзінің жоғарғы мектептің өкілі екенін есте ұстап, оның намысы мен жетістіктерін түсірмеуге барлық күшін жұмсайды
  • академиялық ықылассыз іс-әрекет түрлерімен күресуді өзінің парызы деп санайды, олардың қатарында: білімді бақылау кезінде басқа адамдардан көшіру және көмек сұрау; көлеміне қарамастан барлық дайын оқу материалдары: мәнжазбалар, курстық жұмыстар, бақылаулар, дипломдық және басқа да жұмыстарды, сонымен қатар, өзінің жеке еңбегінің нәтижесі ретінде Интернет-ресурстарын дайындау; жоғары баға алу үшін өзінің туыстық немесе қызметтік байланыстарын қолдану; сабақ кезінде серуендеу, сабақтан кешігу және себепсіз оқу сағаттарын босату т.б. әрекеттерге жол бермейді.
  • болашақта Қазақстанның экономикалық, саяси және басқарушылық элитасына лайық сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуда, жоғарыда айтылған барлық академиялық ықылассыз іс-әрекеттер үйлесімділік танытпайды деп санайды.

Студент міндетті:

  • университет атынан жүргізіліп жатқан іс-шараларда немесе университет аумағында жүргізілетін жұмыстарда саяси мәдениеттілікті сақтауға;
  • оқытушыларды адал жолдан тайдырмауға, алдаумен байланысты жасалған кез келген іс-әрекетке араласпауға және оларға қатысты өздерін дөрекі және мәдениетсіз ұстамауға;
  • емтихан тапсыру кезінде, тапсырма орындауда немесе жазбаша жұмыс қорғауда және басқа да білімді аралық бақылау кезеңінде көмек пайдаланбауға;
  • емтиханды жазбаша тапсыру, реферат, бақылау жұмысын орындауда өз жеке еңбегі нәтижесі ретінде басқа біреудің жұмысын көрсетпеуге (интернет және басқа электронды, web-көздері);
  • себепсіз сабақтан кешігпеуге немесе қалмауға;
  • сабақ уақытында ұялы телефонды пайдаланбауға, арнайы техника қолдану арқылы ойын ойнап, музыка тыңдамауға;
  • басқа студенттердің қарым-қатынас жасауда іскерлік ережені және студенттік этика қағидаларын сақтауға;
  • жүріс-тұрысында, киім киюде ұқыпты болуға;
  • жатақханада тұрғанда әкімшілік және басқа тұрғындармен келіспеушіліктен аулақ болуға және олармен жақсы қарым-қатынаста болуға;
  • университет әкімшілігімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен сыпайы қарым-қатынаста болуға және дөрекілікке жол бермеуге;
  • жеке тұлғаның намысына тиетін лексика және нормаға сай емес сөздер қолданбауға;
  • университет бірлестігінде өзара сыйластық пен сенім кеңістігін, жоғары академиялық мәдениетті құптауды қамтамасыз етуге, пайда болған араздықты бейбіт жолмен шешуге тырысуға, басқа студенттерге қатысты жасалған қорлыққа жол бермеуге;
  • Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің беделіне немесе студенттік бірлестік абыройына нұқсан келтіретін іс-әрекеттен аулақ жүруге;
  • университет аумағында және оқудан тыс уақытта алкагольдік ішімдіктер, наша заттарын қолданбауға;
  •  университет мүлкінің бүтіндігін сақтауға;
  •  университет имиджінің жақсаруы, бірлестік мәдениетін көтеру, студенттік белсенділікті дамыту (ғылыми-оқу, спорттық, шығармашылық, азаматтық) студенттік өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға бағытталған қажетті және пайдалы барлық іс-әрекетті қолдауға;
  •  осы Кодекс ережелерінің бұзылуына қатысты жағдайды шешуге қатысуға, оқу үрдісіне және жалпы ұйымдастыру сұрақтарына байланысты өз пікірін айтуға құқылы.
  •  факультеттегі студенттердің өз-өзін басқару органдары өз қалауы бойынша берілген кодекс ережелерін бұзушыларға: көпшілік талқысына салуға, студенттік өз-өзін басқару ісіне қатысу құқығынан уақытша айыруға құқылы. Әр факультет мұндай талқыға салу сұрақтарын студенттік өзін-өзі басқару ұйымында өздері шеше алады.

3. КОДЕКС ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

3.1 Университет қызметкерлері мен білім алушылары Әдеп кодексін білуі міндетті, қызметі мен мінез-құлқы үшін университет қауымдастығы алдында жауапты.

    1. Әдеп кодексі оқытушылар мен білім алатын студенттердің бәріне бірдей, тең дәрежеде ортақ іс.
    2. Университеттің әрбір оқытушысы мен студенті осы кодекстің орындалуы үшін моральдық жауапты.
    3. Кодекс ережелерінің бұзылуы университет қызметкері мен студентінің мәртебесіне лайықсыз әрекет ретінде қарастырылады.
    4. Әдеп кодексінің орындалуын бақылау университет студенттік өзін-өзі басқару ұйымына және факультет кеңестеріне жүктеледі.
    5. Әдеп кодексі нормаларын бұзғаны үшін білім алушылар мен оқытушыларға келесідей шаралар қолданылуы мүмкін:
    • бұқара алдында кешірім сұрауға кепілдеме;
    • факультеттің немесе Университеттің Ғылыми кеңесі мәжілісінде талқылау;
    • тәртіпті болуға ықпал ету.

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.