Президент жолдауы және білім күні: игі дәстүр сабақтастығы
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын дәл осы Білім күні жариялауы бүгінде игі дәстүрге айналды.
Жұмыс жүйесі жіктелді
Бүгін Tashenev University биылғы оқу жылының алғашқы Ғылыми кеңес мәжілісін өткізді. Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Ғылыми кеңес отырысын жүргізіп отырған университет ректоры Қанат Байболов қатысушыларға жаңадан толықтырылған оқытушы-профессорлық құрамды таныстырып, сапалы білім мен саналы тәрбие жұмысын бірігіп еңсеретініне сенім білдірді.
Құрметті білім алушылар!
Ж. Тәшенев университетінің жаңа оқу жылына арналған салтанатты шарасы
Шымкент қаласы, Құрманбеков 4 “А”мекен-жайында орналасқан ғимаратта өтетінін хабарлаймыз!
Салтанатты шара соңында студенттер жаңа ғимараттағы өз дәрісханаларымен танысады.
Іс-шара 1 қыркүйек күні сағат: 10:00 де басталады.
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Конституция – Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде танытқан басты құжат. Еліміздегі барлық заңдар Конституциядан бастау алады.
Ата Заңымыз қабылданған күн еліміз үшін тәуелсіздік тарихындағы жаңа дәуірдің басталғанын білдіреді. 1995 жылғы 30 тамыздағы жалпыхалықтық референдумда Қазақстан халқы өзінің болашағына айқын таңдау жасап, Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізін қалады.
Студенттер назарына!
Хабарландыру
2023 жылдың 1 қыркүйегі Ж.А.Ташенев атындағы университет дәстүрлі түрде жаңа оқу жылын бастайды.
Күндізгі бөлімнің 1 және 2 курс студенттері үшін сабақ 04.09.2023 жылы басталады.
Күндізгі бөлімнің 3 және 4 курс студенттері үшін сабақ 11.09.2023 жылы басталады.
Жатақхана тапшылығы жоқ
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Дәл қазір еліміздің барлық аймағында студенттерді жатақханамен қамту мәселесі күрделі күйінде тұр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударған болатын.
Шілде айында өткен Үкімет отырысында да бұл тақырып өзекті мәселе ретінде айтылды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін білім алушыларды жатын орынмен қамту мәселесін шешуді тапсырды.
Әңгімелесу емтихан
Бүгін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау, оқудың қысқартылған мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әңгімелесу емтиханы өтті.
Ректордың №207 бекітілген бұйрығына сәйкес, комиссия мүшелерімен әңгімелесу өткізілді.
Әңгімелесу мәжіліс залында (207 кабинет) өтті.
Әңгімелесу емтихан
ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
немесе жоғары білімі бар азаматтардан
әңгімелесу емтиханын қабылдау
2023-2024 оқу жылында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау, оқудың қысқартылған мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әңгімелесу емтиханы 22.08.2023ж. күні сағат 11:00-де 207 мәжіліс залында өтеді.
Құрметті талапкер!
Ж.А.Тәшенев атындағы университеттің қабылдау комиссиясы сенбі, жексенбі күндері де 09.00-18.00 аралығында жұмыс жасайды.
Университет әкімшілігі
Ақпараттық-хабарландыру!!!
Білім алушылардың назарына!
1. 2023-2024 оқу жылында білім алушыларды (студенттер мен магистранттар) жатақханаға орналастыру цифрлық жүйемен жүзеге асырылады.
2. Жатақханаға өтінім университет сайты (https://tashenev.edu.kz) арқылы беріледі. Онлайн өтінімдер Тіркеу журналына тіркеліп, арнайы үлгідегі Жолдама берілетін болады.
Жатақханаға өтінім беру мерзімі 15.08.- 05.09.2023ж. аралығын қамтиды.