Ұстаздар ұлықталған күн

Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.
Университетімізде ұстаздар күніне «ҰСТАЗ ҰЛЫ ҰҒЫМ ӘРІ МӘҢГІЛІК» атты салтанатты шара болып өтті.
Мерекелік шарада құттықтау сөзді алған университет ректоры техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қанат Байболов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мұғалімдерді еліміздің лайықты азаматтары қатарында атап, оларға әрқашан қолдау көрсету мемлекеттік саясаттың басымдығы деп белгілегенін атап өтті. Барша оқытушылар қауымының бала тәрбиесіндегі ерен еңбегін саралады.
«Биыл Жұмабек Тәшенев университетіне 25 жыл. Яғни, ширек ғасыр толып отыр. Осы оқу жылында университетіміздің әрбір күні мерекелік көңіл күймен өтуде. Оны университетіміздің ұстаздары да, білім алушылары да сезінетін болады. Сіздер барлық марапатқа лайцықсыздар. Шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін»,--деді Қанат Сейітжанұлы.
Одан соң, еселі еңбегімен, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген бірқатар белсенді оқытушы «Алғыс хатпен» марапатталды.
Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.