"Қазақ тілі және әдебиеті" кафедрасы
- 1 view
Жантасова Зылиха Тұрарқызы
кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
✆ Телефон: +7 775 161 2509
✉ E-mail: k-filolog@tashenev.edu.kz
► 10.02.2024. «Жас хамсатанушылар» халықаралық байқау жүлдегерлері
► Педагогикалық практиканы өткізуге келесім шарт
- Кафедра туралы
-
Кафедра тарихы 1999 жылы 1 қазаннан басталады. Кафедра қазақ тіл мен әдебиеті,өзбек тілі мен әдебиет мұғалімдерін даярлайды. Білім саласында жүйелі білім қалыптастыра алатын,оқу үрдісін заманауи талаптарға сәйкес деңгейде ұйымдастыру қабілетіне ие, ғылыми зерттеулерді,жобалық жұмыстарды, жүзеге асыра алатын қазақ тілі мен әдебиеті , өзбек тілі мен әдебиет мұғалімін дайындауда үздіксіз қызмет атқаруда.
Кафедраның негізгі мақсаты білім берудің концептуалдық принциптері негізінде білім беру мен ғылымды іргелендіру, ізгілендіру, ақпараттандыру және интеграцияландыру мәселелері қамтылған және оқыту мен тәрбиелеу интеграциясын қамтамасыз ету, білім беру үдерісінде, салауатты ортада жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы, жас ұрпақтан бәсекеге қабілетті сұранысқа ие білім алушыларға білім беру қызметін ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.Қазақ тілі мен әдебиеті », «Өзбек тілі мен әдебиет» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры дипломын алған студент барлық типтегі және түрдегі орта білім беру мекемелерінде,техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында, мамандандырылған мектептер мен орта (гимназиялар, лицейлер) және арнаулы орта (колледждер) оқу орындарында,баспа ісінде және мерзімді бұқаралық ақпарат құралдарында, кітапханада қызмет атқара алады.
« Кітапхана ісі» мамандығы негізгі кәсіби мағынасы ақпаратты іздестіру, өңдеу, сақтау, тарату, пайдалану және әр түрлі әдістермен, соның ішінде, интерактивті қарым-қатынас арқылы пайдаланушыларға кеңес беру боп табылады. Кітапхана саласы ақпарат және білім орталығы ретінде, ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуде кітапханашы мамандар бірінші кезекте, жоғары ақпаратты біліммен қаруланған, өз ісінің шебері, әмбебап маман болу керектігі басты назарда.
Кафедра студенттердің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін,сонымен қатар сыни ойлауды дамытуына басты назар аударады. Кафедраға қарасты аудиториялар «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Абайтану», «Өзбек тілі мен әдебиеті орталығы» интербелсенді тақта, заманауи жабдықтармен жабдықталған.
- Кафедра оқытушылары
-
Кафедра оқытушыларының ғылыми деңгейі жоғары.
Кафедрада 16 білікті оқытушылар мен ғалымдар қызмет атқарады. Оның ішінде 3 доцент, 1 қауымдастырылған профессор, 5 ғылым кандидаты, 1 РhD, 5 ғылым магистрі жұмыс жасайды.
Кафедрада меңгерушісі Жантасова Зылиха Тұрарқызы ҚР жазушылар одағының мүшесі. «Мейірім мұнарасы» авторлық бағдарламасының жүргізушісі.
Кафедраның қауымдастырылған профессоры Абенова Лаззат Усманқызы 2021 жылы «Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы» атанды.
Кафедраның ф.ғ.к., аға оқытушысы Мамыт Амангелді Алтыбайұлы 2023 жылы «Үздік педагог-23» номинациясымен марапатталды.
Кафедра профессорлары мен оқытушылары қазіргі қазақ тіл білімі мен әдебиетінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Жылдық жоспарларға сәйкес кафедра бұл бағытта отандық және шетелдік ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, ғылыми жарияланымдар, мақалалар, оқу-әдістемелік материалдар, монографиялар шығарады. «Тілдер және әдебиеті» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының білім, ғылым, мәдениет, жоғары білім беру саласында жұмыс істейтін білікті мамандарды даярлау бойынша көптеген жұмыстар атқаруда."Тілдер және әдебиет" кафедрасының ПОҚ тізімі
1. Абенова Лаззат Усманқызы
2. Арынбаева Рана Ануарбековна3. Амалова Гүлмаржан Қудайбергенқызы
4. Жантасова Зылиха Тұрарқызы
5. Байболова Айжан Жанасбекқызы
6. Мамыт Амангелді Алтыбайұлы
7. Нұрпейісов Нариман Жұмашұлы
8. Мусаева Суйкум Тулембаевна
9. Қалыбеков Болат Ермекұлы
10. Смайыл Ақмарал Халиқызы
11. Сырайлова Ғализа Маденқызы
12. Саткулова Қарлығаш Молдабекқызы
13. Тастыбаева Райхан Кошқарбайқызы
14. Тагаева Алмагуль Акылбекқызы15. Танабаев Ғалымжан Өміртайұлы
16. Кукеева Мира Кұлшімбайқызы
17. Бекмырза Сұлушаш БекмырзақызыКафедра профессор-оқытушылар құрамы қазіргі қазақ тіл білімі және әдебиеттану бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Біздің түлектер Қазақстанның түпкір-түпкірінде қызмет етіп келеді. "Қазақстан" телеарнасының "Жан жылуы" бағдарламасының продюссері және жүргізушісі Ақбаян Сапарбай, химия және биология бағыты бойынша Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрлан Есентаев, "Қазақ әдебиеті" газетінің меншікті тілшісі Аягүл Мантаева, "Astana tv" республикалық телеарнасының тілшісі Данияр Әсілбек Құрбанұлы, "Sanur tv" қоғамдық телеарнасының редакторы Сатуов Бекболат Шазиллаевич, "Sanur tv" қоғамдық телеарнасының тілшісі Құлша Аллаберген Дүйсенбайұлы т.б. "Ұстаздан шәкірт озар" демекші, студенттер түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. "Қазақ тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасының студенттері Д.Ширинова, Ұ.Фатуллаева, М.Додожанова "Абай оқулары", "Бауыржан оқуларының" жүлдегерлері болса, Дүзел Марат, Нұрсейіт Әбжан "Сырдария" КТК-ның белсенді мүшелері ретінде әдебиет маусымының жеңімпаздары. «Филология» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, ғылым, мәдениет, жоғары білім беру салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды даярлауда аянбай еңбек етуде.
- Кафедраның білім беру бағдарламалары
-
«Филология» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:
Бакалавриат бағдарламалары:- 5В011700 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" / 6В01701 - "Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау"
- 6В01704 - "Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау"
- 5В091000 - "Кітапхана ісі" / 6В03201 - "Кітапхана ісі"
- 7М01701 - "Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау"
- 7М01704 - "Өзбек тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау".
Магистратура бағдарламасы: 7М01701 – "Қазақ тілі және әдебиеті педагогтарын даярлау"
7М01704 – "Өзбек тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау"
- ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
-
«Тілдер және әдебиет» кафедрасында профессор оқытушылардың Scopus журналына мақалалары жариялануда.
1. Linguistic terminology and ethno-cultural features of the linguistic picture of the world. Mukhametkaliyeva Gulnar. Al farabi Kazakh national university. Tulebayeva Kuralay. Candidate of philological sciences, Alikhan Bokeikhan University, Semey, Kazakhstan. Abenova Lazzat candidate of philological sciences, Zhumabek Akhmetuly Tashenev university, associate professor of “Languages and literature” department. Kurdish Studies vol. 11 no. Cборник материалов МНПК «Адаптация растениеводства к условиям глобального изменения климата: проблемы и пути решения» 24-25.06.2023 С.171-173
2. Tracing the history of the detective genre in a literature a qualitive study based on interviews with literary critics.
Ainagul Zhunussova1a ,Shynar Kenesbayeva2b ,Gulnaz Tulekova3c ,Nariman Nurpeissov4d, Rakhymzhan Turysbek5a
Журнал: International journal of society. Culture & LanguageIJS25.06.2023С.271-273
3. Some features of the meaning literary text in the pragmalinguistic aspect.
Ainur Akkuzovа, Zhamal Mankeyeva , Abdyzhalil Akkuzov, Ulbossyn Kaiyrbekova, Raushan Baiymbetova. Журнал: OPCION 34, но85-2 ISSN 1012-1587 ISSNe 2477-9385
4. Айткулова А.А., Жантасова З.Т. Тhe Соncept of «Diligence|Laziness» in the Linguistic Image of the World. International Journal of Culture.- Мay 2023, page 95-104
- Оқулықтар және басылымдар
-
«Тілдер және әдебиет» кафедрасының оқулығы жарық көрді
1. Қауымдастырылған профессор Әбенова Л.У. Әдебиет тарихы. Оқулық.-Алматы: «Эверо» баспасы, 2023, 202-б.
2. ф.ғ.к., доцент Мамыт А,А, Халық ауыз әдебиеті. Оқу құралы. Алматы: «Әлем» баспасы, 2024, 116-б.
3. Аға оқытушы Арынбаева Р.А. «М.Әуезов- қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші»
4. Аккөзов Ә. Ә «Сын есімдердің жұмсалымы» монография. Алматы. 2024 ж
5. Әбенова Л.У. Куәлік. "Қазіргі қазақ әдебиетіндегі роман-эссе жанрының ерекшеліктері және авторлық ұстаным"6. Байболова А.Ж., Туғанбай А.П. Куәлік. Мәшhүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты
? Азимов И. Шарқ тиллари ва эски узбек езуви (І қисм). Алматы: Эверо, 2021, 292 б.
? Азимов И. Шарқ тиллари ва эски узбек езуви (ІІ қисм). Алматы: Эверо, 2021, 392 б.
? Dadaboyev, H. O'zbek terminologiyasi. Toshkent: Nodirabegim, 2020, 144 б.
? Искандарова, Ш., Наралиева, Ш. Умумий тилшунослик. Шымкент: Classic, 2023, 187 б.
? Бегалиев М.Қ. Узбек тилининг қорабулоқ шеваси лексикаси. Toshkent: IQTISOD-MOLIYA, 2007, 127 б.
? Рахмонов, Н. Узбек адабиёти тарихи: Хажми 1. Алматы: ЭСПИ, 2021, 188 б.
? Рахмонов Н. Узбек Адабиёти тарихи: Хажми 2. Алматы: ЭСПИ, 2021, 200 б.
? Рахмонов Н. Узбек Адабиёти тарихи: Хажми 3. Алматы: ЭСПИ, 2021, 260 б.
? Хамроева, Х. Нотиқлик Санъати. Алматы: Эпиграф, 2022, 180 б. - Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы
-
Студенттерге сапалы білім беруде зерттеу дағдыларына баулу қажет.
Қазақ тілін сауатты жазу, көркем сөйлеу, шығармашылық ойлау дағдылардың барлығы университетте студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуы арқылы қалыптасады.
СҒЗЖ оқу процесін жалғастыру және тереңдету, жоғары білімі бар мамандарды даярлау сапасын арттырудың маңызды және тиімді құралдарының бірі.
Студенттердің ғылыми жұмысының мақсаты-дайын білімді игеруден жаңа білім алу әдістерін игеруге көшу, ғылыми әдістерді қолдана отырып, шығармашылықты өз бетінше талдау дағдыларын игеру.
Студенттердің ғылыми жұмысының негізгі міндеттері:
• шығармашылық және аналитикалық ойлауды дамыту, ғылыми ой-өрісін кеңейту;
• өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысының тұрақты дағдыларын қалыптастыру;
• оқытылатын пәндерді игеру сапасын арттыру;
• қазақ тілі мен әдебиеті , өзбек тілі мен әдебиетін оқытуда ғылыми зерттеулердің теориялық білімі мен заманауи әдістерін қолдану қабілетін дамыту.
Оқу уақытынан тыс уақытта орындалатын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына мыналар кіреді:
• кафедра жанынан құрылған ғылыми үйірмедегі жұмыс;
• кафедра тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу;
• ЖОО-да өткізілетін ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар мен хабарламалармен сөз сөйлеу;
• ЖОО ішіндегі, ЖОО аралық және республикалық олимпиадалар мен үздік ғылыми жұмысқа конкурстарға қатысу;
• жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша жарияланымдар дайындау;
"Үйірме қызметінің негізгі мазмұны кафедраның белгілі бір тақырыбы бойынша сабақтан тыс уақытта ғылыми зерттеулерді орындау болып табылады.
Үйірме жұмысы шеңберінде ғылыми баяндамалар мен хабарламалар дайындау қамтамасыз етіледі, оларды үйірме отырыстарында тыңдау және талқылау, конкурстар мен конференцияларға үздік студенттік жұмыстарды ұсыну, кафедра профессорлары мен оқытушыларын студенттермен жұмысқа тарту, үйірме мүшелерінің практикалық қызметкерлермен кездесулерін ұйымдастыру ұйымдастырылады. Сондай-ақ, білім алушылар жыл сайын өткізілетін Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысады.
Кафедрада үйірме атау ғылыми үйірмесі жұмыс істейді, оған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқытушылар мен студенттер қатысады.
- Кафедраның тәрбие жұмысы
-
Кафедра студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін тәрбиелеудің адамгершілік қағидаттарын, парасатты ортасын құруға үлес қосады. Мұндай жұмыстың мақсаты-белсенді азаматтық ұстанымы бар, қазіргі қоғамның қажеттіліктері мен үміттеріне жауап беретін студенттерді тәрбиелеу.
Жастардың бойында отансүйгіштік, адамгершілік және рухани даму сезімдерін қалыптастыру үшін ағартушылық сипаттағы семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Бұл іс-шаралардың үлкен маңызы бар. - Үйірме
-
Кафедрада 3 үйірме бар:
- Оқуға құштар оқырман
- Жас Хамсатанушы
- Жас қаламгер
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу