"Ағылшын тілі" кафедрасы

Артыкбаева Фазила Ілмарқызы

"Ағылшын тілі" кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD)

✆ Телефон: +7  707-123-1681

✉ E-mail: k-filolog@tashenev.edu.kz


► Соңғы іс-шаралар

► Ашық сабақтар

Кафедраның миссиясы және мақсаты

Кафедраның миссиясы: Қоғам мен еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыру үшін шетел тілді білім беру аясында болашақ мамандарға лайықты білім беру
Сапа саласындағы саясат пен мақсаттар.
Кафедра білім берудің заманауи үрдістеріне сай инновациялық технологияларды, оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін белсенді түрде қолданып, білім алушылардың әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруды қолдайды.
Кафедраның мақсаты – шет тілді білім беру аясында тұлғаның интеллектуалды әлеуеті кафедраның міндеттері:
    студенттердің шет тілдерін меңгеруге деген ықыласын көтеру;
    полимәдени біліктілікті қалыптастыру мен дамыту;
    шет тілінде ғылыми-практикалық және шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
    кәсіби ортада тілдік құзыреттіліктерді қалыптастыру мен дамыту;
    шетелдердің мәдени құндылықтарына толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу;
    білім беру мазмұнын модернизациялау, оқу үдерісінде заманауи технологияларды қолдану;
    кафедраның профессор-оқытушылар құрамының тілдік дайындығы мен педагогикалық шеберлігін жоғарылату;
    кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеулер аясындағы халықаралық ынтымақтастығын дамыту.

Кафедра туралы

   «Ағылшын тілі» кафедрасы 1998 жылдың қыркүйегінен бері қызметін жүргізіп келе жатқан өз тарихы мен қалыптасқан дәстүрі бар кафедралардың бірі. Кафедраның алғашқы меңгерушісі тәжірибелі педагог, ғалым, п.ғ.к. М.С.Жылқышиева болды.
1998-2004 жылдары арасында кафедраға п.ғ.к., доцент Г.Г.Еркебаева, п.ғ.к., доцент С.З.Машарипов, п.ғ.к., доцент Г.Т.Мусабекова секілді белгілі ғалымдар басқарып келді.
2004 жылдың қазанынан бастап «Орыс тілі және әдебиеті» және «Ағылшын тілі» кафедрасы болып екіге бөлінді.
2008 жылының қыркүйек айынан «Тілдер» кафедрасын ф.ғ.к., доцент Н.Қ.Жарқымбекова, 2012 жылдың қыркүйек айынан «Тілдер» кафедрасын п.ғ.д., профессор Н.Мыңбаев басқарды 2016 жылдың қыркүйек айынан «Тілдер» кафедрасын п.ғ.к., аға оқытушы Х.М. Махматқұлов басқарды.
2022-2023 оқу жылында Жұмабек Ахметұлы Ташенов атындағы университет болып өзгертіліп, ағымдағы кафедра «Филология» кафедрасы болып ауыстырылды. Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к. Ж.Н.Ботабаева тағайындалды.
2024-2025 оқу жылының тамыз  айындағы университет мәртебесінің өзгеруіне және құрылымдық бөлімшелердің қайта ұйымдастырылуына байланысты «Филология»  факультетінің  «Ағылшын тілі» кафедрасы құрамынан  «Ағылшын тілі» кафедрасы бөлініп, қайта құрылды.
        «Ағылшын тілі » кафедрасының меңгерушісі болып философия докторы   (PhD) Артыкбаева Фазила Ілмарқызы тағайындалды. Ағымдағы  жылдың қазан  айында «Ағылшын тілі » кафедрасы «IT және шетел тілдері»  факультеті құрамына кірді.
Барлық оқытушылардың тиісті жоғары білімі бар. Кафедра ұжымы құрамында:  ғылым кандидаттарымен, философия докторларымен, магистр-оқытушылармен, еліміздің ірі жоғары оқу орындарының үздік түлектері бар. Кафедраның жетекші мамандары педагогикалық және ғылыми-зерттеу салаларындағы жас мамандардың тәлімгерлері болып табылады. Тәжірибелі оқытушылардың, лекторлар мен ғалымдардың жетекшілігімен әртүрлі саладағы оқу-әдістемелік әдебиеттер шығарылады.  Олар: мультимедиялық материалдар, модульдік курстар, сөздіктер және әртүрлі оқу құралдары.
Кафедра оқытушылары студенттерге ағылшын тілін кәсіби оқытудың заманауи, озық үлгісін қолдануды кеңінен насихаттауға үлкен үлесін қосуда.   Кафедрада қызмет ететін білікті оқытушылар шетелдік ғалымдармен бірге студенттердің болашағы үшін қызмет етіп, жастардың қажетті білім мен тәжірибе алуына жағдай жасауда.
Кафедра қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілген: лингафондық кабинеттер, интерактивті тақталар, құлаққаптар, оқу үдерісін және өзіндік жұмысты ойдағыдай ұйымдастыру үшін әдістемелік кабинеттер: 212- «Лингофон кабинеті», 315- «Елтану кабинеті», 316- «Жас ғалымдар кабинеті», 317- «Ағылшын тілінің ауызша және жазбаша сөйлеу практикасы кабинеті».
Кафедра Қазақстанның және шетелдің жетекші оқу орындарында оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырды. Кафедраның жас оқытушылары жыл сайын Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, «Өрлеу» білім беру институтында, «Біліктілікті арттыру орталығы» ЖШС-де, «Білімді дамыту» институтында кәсіби біліктіліктерін арттыруда. 
Кафедраның миссиясы: Қоғам мен еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыру үшін шетел тілді білім беру аясында болашақ мамандарға лайықты білім беру
Сапа саласындағы саясат пен мақсаттар.
Кафедра білім берудің заманауи үрдістеріне сай инновациялық технологияларды, оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін белсенді түрде қолданып, білім алушылардың әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруды қолдайды.
Кафедраның мақсаты – шет тілді білім беру аясында тұлғаның интеллектуалды әлеуеті кафедраның міндеттері:
    студенттердің шет тілдерін меңгеруге деген ықыласын көтеру;
    полимәдени біліктілікті қалыптастыру мен дамыту;
    шет тілінде ғылыми-практикалық және шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
    кәсіби ортада тілдік құзыреттіліктерді қалыптастыру мен дамыту;
    шетелдердің мәдени құндылықтарына толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу;
    білім беру мазмұнын модернизациялау, оқу үдерісінде заманауи технологияларды қолдану;
    кафедраның профессор-оқытушылар құрамының тілдік дайындығы мен педагогикалық шеберлігін жоғарылату;
    кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеулер аясындағы халықаралық ынтымақтастығын дамыту.

Білім беру бағдарламалары

Бакалавриат:
     6В01707-Шетел тілдері (IP)
     6В01703-Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау
     
Магистратура:
     7М01702- Шетел тілі: екі шетел тілі педагогтарын даярлау


Кафедра 6В01707– «Шетел тілдері»,  6В01703 – «Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау», 7М01702- «Шетел тілі: екі шетел тілі педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар  даярлайды. 
Бұл білім беру бағдарламаларының   басқа білім беру бағдарламаларынан   ерекшелігі  білім алушылардың шетел  тілді құзыреттіліктерін қалыптастыруына қойылатын халықаралық стандарттар деңгейін ескере отырып, екі шетел тілінің мұғалімі ретінде ғылыми-әдістемелік әдебиетпен танысу, басқа тілді білімнің тәжірибесімен танысу, оны қорытындылау, нәтижелерін оқу үдерісіне енгізе отырып тәжірибелер жүргізу, ұйымдастырушылық-басқарушылық, әлеуметтік-педагогикалық дамыған көзқарасы және ойлау қабілеті жоғары тұлғаны қалыптастырады.
          Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық технологияларды қолдана білетін, мәдениетаралық коммуникация субъектісінің қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған,  педагогикалық қызметті психологиялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс құратын, шетел тілін меңгере отырып, оқытудың мультимедиялық, техникалық құралдарын меңгеретін  мамандар дайындайды.
          Жалпы тұрғыдан айтқанда, білім беру бағдарламасының болашақтағы мүмкіндіктері өте зор. Себебі, қазіргі кезде, шетел тілдерін игеру жыл өткен сайын маңыздылығын танытып келуде. Жаһандану үдерісі де осының бір дәлелі деуге болады.
 6В01707– «Шетел тілдері», «6В01703 – «Шетел тілі мұғалімдерін даярлау: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы ағылшын, неміс (француз) тілдерінің біліктілігі бар мұғалімдерді даярлауға бағытталған. оқытудың заманауи әдістерін, қазақ-ағылшын, ағылшын-қазақ, орыс-ағылшын және ағылшын-орыс тілдері жұбындағы аударма және БАҚ жазу дағдылары.
ББ негізгі мақсаты: 6В01707– «Шетел тілдері», 6В01703 «Шетел тілі мұғалімдерін даярлау: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының мақсаты ағылшын (негізгі) және бір қосымша шет тілі (француз/неміс) мұғалімдерін даярлау болып табылады. Бұл бағдарлама лардың түлектері шет тілдерін терең меңгерумен қатар, оқытудың түрлі әдістерін жан-жақты меңгеріп, шет тілін оқытуда заманауи технологияларды қолдана алады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі тұлғаға бағытталған оқытудың оқыту әдісі болып табылады           
ББ мүмкіндіктері: Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:
1) Ағылшын, неміс (француз), орыс және қазақ тілдерінің тілдік ерекшеліктерін тереңдетіп оқытуды біріктіретіндіктен, бұл бағдарламаның қазақстандық білім беру сегментінде баламасы жоқ.
2) Инновациялық оқыту бағдарламасы түлекке лингвистикалық саладағы ағымдағы білім мен дағдыларды жетік меңгеруге мүмкіндік береді
3) Студенттер қазақстандық және халықаралық еңбек нарығындағы мансаптық перспективаларды кеңейтетін қосымша мамандықтарды таңдауға құқылы.
Мансап және жұмыс, (қызмет саласы)
Жұмыс және мансап перспективалары:
- халықаралық компаниялар;
- мемлекеттік органдар;
- орта білім беру мекемелері;
- елшіліктер;
- ақпараттық және жарнамалық агенттіктер;
- тіл орталықтары;
- аударма бюролары.
ББ  негізгі мақсаты:  7М01702- «Шетел тілі: екі шетел тілі педагогтерін даярлау»  пәнінің негізгі мақсаты – екі шет тілін терең меңгерген, әдістемені жетік меңгерген жан-жақты, жалпылама тіл маманын дайындау. әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу, шет тілдерін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану, аудару және түсіндіру, редакциялау және медиа жазу дағдыларына ие.
Білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартының талаптары, сонымен қатар қазіргі нарық пен жұмыс берушілердің талаптары негізінде қалыптастырылады.
ББ ерекшеліктері: Бұл бағдарламаны аяқтағаннан кейін түлектер:
- лингвистикалық талдау жүргізу кезінде ағылшын тілінің лексикалық, грамматикалық және фонетикалық жүйелері туралы білімдерін қолдану;
- лингвистика және басқа да салаларда зерттеулер жүргізу және жобалық қызметпен айналысу;
- заманауи оқыту және бағалау әдістерін қолдану;
- көп мәдениетті ортада және көптілді ортада ағылшын тілінде де, екінші шет тілінде де тиімді қарым-қатынасты жүзеге асыру;
- аналитикалық, шешім қабылдау және күрделі мәселелерді шешу дағдыларының болуы;
- аудиторияның ерекшеліктеріне, контекстке, мақсат пен стильге назар аудара отырып, өз ойларын, идеялары мен сенімдерін білдіру;
- сенімді ақпарат көздерін табу, анықтау және бағалау үшін әртүрлі мәліметтер базасымен жұмыс істеу;
- кәсіби этиканы сақтау;
- жеке және кәсіби қарым-қатынаста эмоционалдық интеллектті басқару.
Мансап және жұмыс, (қызмет саласы) Жұмыс және мансап перспективалары:
- халықаралық компаниялар;
- мемлекеттік органдар;
- жоғары және орта оқу орындары;
- елшіліктер;
- ғылыми-зерттеу және талдау орталықтары;
- ақпараттық және жарнамалық агенттіктер;
- баспалар;
- тіл орталықтары;
- аударма бюролары.
Жалпы тұрғыдан айтқанда, бұл білім беру бағдарламаларының болашақта мүмкіндіктері өте мол. Себебі, қазіргі кезде, шетел тілдерін игеру жыл өткен сайын маңыздық танытып келеуде. Жаһандану үдерісі де осының бір дәлелі деуге болады.

Кафедра оқытушылары

Кафедрада 31 профессор-оқытушы жұмыс жасайды оның 15 оқытушының ғылыми атағы бар. Ұжымның біріктірілген күш-жігерінің нәтижесінде студенттердің танымдық белсенділігін басқару қызметін орындайтын жаңа буынның әдістемелік материалдары құрылды. Кафедра оқытушылары әр түрлі әдістемелік және ақпараттық технологияларды (жобалау технологиясы, «дөңгелек үстелдер» форматы, презентациялар, іскерлік және рөлдік ойындар және т.б.,)  енгізу арқылы оқу үдерісін оңтайландыру қарым-қатынас және кәсіби құзыреттерді жетілдіруге, студенттердің шығармашылық қабілеттерін неғұрлым толық жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосады.
Сонымен қатар, кафедрада студенттердің коммуникативті дағдылары мен өзара пікір алмасу мәдениетін дамытуға арналған «Empire of Knowledge», «Аристократы» атты үйірмелер белсенді жұмыс жасайды. «Empire of Knowledge» үйірмесінде 6В01703 – «Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 1-4 курс білімгерлері, «Аристократы» 6В01702- «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 1-4 курс білімгерлері қатысады. Үйірмеге ағылшын тілін, орыс тілін  күнделікті тәжірибеде қолдану, сөздер мен сөйлемдерді түсіну дағдыларын қалыптастыру, белсенді сөйлеуді дамыту, естілетін дыбыстық тіркестер мен сөздерге еліктеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, тілге шешен, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп  аша білетін білімгерлер тартылды. 
Қазіргі білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес кафедра профессор-оқытушылар құрамы қазіргі орыс, ағылшын тілдер білімі және әдебиеттану бағыты бойынша  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Ақпараттық және цифрлық технологиялар, сондай-ақ тұрақты экономикалық, саяси және әлеуметтік өзгерістер дәуірінде кафедраның бәсекеге қабілеттілігі оның ғылыми, зерттеу және инновациялық әлеуеттерімен анықталады. Кафедраның профессор-оқытушылары «Жоғары білім беруді жаңғырту жағдайында мәдениетаралық кеңістікте тілдердің, әдебиеттің және оқыту әдістемесінің өзара әрекеттестігі» ғылыми бағыты бойынша жұмыс жасайды.

  1. Артыкбаева Фазила Ілмарқызы
  2. Ақберді Бидос Әбутәліпұлы
  3. Айтжанова Сара Егизбаевна
  4. Ануарбек Әсел Абайқыызы
  5. Арыстан Гульжайна Асқарқызы
  6. Алимбаев Мырзахан Түймебайұлы
  7. Мирзагаликова Сауле Тажибаевна
  8. Мирзахмедова Жаннат Жаулановна
  9. Керимбаев Азамат Есенгельдыевич
  10. Жеңіс Арай Бауыржанкызы
  11. Оналбай Балнур Талгатовна
  12. Ормаханова Гулназ Суйнбаевна
  13. Турлибек Әсемай Нургалиқызы
  14. Масатбаева Салтанат Мухтаровна
  15. Серикбаева Шолпан Ергешовна
  16. Арысбаева Эльнора Пирмуратовна
  17. Изтилеуова Акерке Жаксылыковна
  18. Исламова Мухаббат Михтибаевна
  19. Назар Диана Бейбітходжаевна
  20. Пернебек Алтынай Асқарқызы
  21. Кожамкулова Айгерим Сарсенбаевна
  22. Қалдаяқов Көшербай Қалдаяқұлы
  23. Турсынова Гулдар Исмайловна
  24. Турсунова Тырна Жамонтаевна
Кафедрадағы әдістемелік жұмыс

«Ағылшын тілі» кафедрасында оқу–әдістемелік жұмыстар «Жұмабек Ахметұлы Ташенев атындағы университет» АҚ-ның талаптарымен ережелеріне бағытталып жасалады. Бұл орайда кафедраның ОӘӘ оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып (модульдік оқыту принципі, баллдық-рейтингтік жүйені қолдану, құзіреттілік тәсіл және т.б.) жасалады.Оқу –әдістемелік әдебиеттерді жасауда ,әдістемелік семинарлар өткізуде, ашық сабақтар өткізу барысында басты талап білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және дамытуға бағытталады. Бұл коммуникативті-танымдық дағдыларды дамытуға көбірек назар аударуды қамтиды.
  
2024 жылдың 26 қыркүйекте Ж.А.Ташенев атындағы университетінің «Ағылшын тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен «”Integration of Virtual Reality into the Educational Process: Prospects and Challenges of Modern Higher Education”» атты Халықаралық ғылыми семинар өтті.
Семинарға кафедра оқытушылары,магистранттары және АҚШ, Ұлыбританияның, Ресей университеттерінде қызмет атқаратын ағылшын тілі мамандары қатысты.
Семинар аралас форматта өте қызықты болды. 
Семинарға арнайы шақырылған қонағымыз, АҚШ-тың Миннесота штатынан келген тіл тасушы Melissa Lindsey келді. Ол “Artificial Intelligence in Education” тақырыбында баяндама жасады. 

1

Кафедра оқытушылары мен магистранттары баяндамаларды тыңдап, қызу талқыға түсті. Кафедра аға оқытушысы Мирзагаликова С.Т. “The use of interactive teaching methods in foreign language lessons at a university», тақырыбында баяндама жасағаннан кейін, Мәскеү Финансовый университетінің ағылшын тілі және кәсіби коммуникация кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Торбик Елена Михайловна “Five necessary roles of a teacher during a lesson» атты тақырыбында презентация қөрсетті. Ұлыбританияның Хаддерсфилд британдық іскерлік әкімшілендіру университететінен шықырылған Okere Arnold «Techniques of teaching English to students» тақырыбында презентация көрсетіп өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай ақ, ағылшын тілін оқытудың түрлі инновациялық әдістерін, жасанды интеллекттің білім беру мүмкіндіктерінің мәселелерін, шет тілін оқыту әдістері саласындағы соңғы технологияларды қолдануды сияқты заманауи тақырыптар талқылады.
Әріптестер қызығушылық танытқан мәселелерді қызу талқылап, жоғары оқу орнында ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды ғылыммен ұштастырды.
Оқу жылында өткізілген ашық сабақтар туралы мәлімет 
     22.04.2024 ж. оқытушы Ормаханова Г.С. 304 аудиторияда «Ағылшын тілі» пәнінен « Traditions of English speaking countries» атты тақырыпта ФK-23-1к2 топтарына практикалық сабақ жүргізді. Қатысу керек студенттер саны -25. Қатысқан студенттер саны- 25. Уақыт 10.30. Практикалық сабақ өте тартымды болды, студенттер оқытушыға ұдайы сұрақтар қойып отырды тақырып бойынша.Сабақ өз дәрежесіне жетті. Оқытушыда УМКД бар.

    04.03.2024 ж. оқытушы Арыстан Г.А. 207 аудиторияда ФИ-22-9к2 тобымен сағ. 13:30 да «Базалық шетел тілі» пәнінен «Adjective. Classification of adjectives Forms of adjectives» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Арыстан Г.А. студенттердің назарын басқара отырып, ойлауды дамыту және жүзеге асыру заңдылығын есепке алды. Сабақ бойы студенттердің белсенділігін ұйымдастырды, сабаққа жаппай, топтық, ұжымдық жұмыстарды үйлестірді. Уақытты ұтымды пайдаланды.Оқытушы теорияның тәжірибелік қажеттілігін ашты, студенттерді алған білімін практикада қолдануды үйретті.Сабақтың әр кезеңінде дидактикалық материалдарды қолданып отырды.
 

2
Кафедраның ғылыми бағыты

Кафедраның «Тіл мен мәдениеттің байланысы, мәдени аспектілердің тіл мен коммуникацияға әсерін зерттеу» атты ғылыми бағыты университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарын ескере отырып анықталды. Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі әдетте тіл және коммуникация саласындағы ғылыми білімді кеңейтуге, сондай-ақ  шетел тілдерін оқыту мен оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін жетілдіруге және тіл білімі, лингвистика ғылымындағы өзекті мәселелерді зерттеуге  бағытталған. Кафедра 21 ғасырдағы адам әлеуеті парадигмасындағы тіл білімі мен лингвистика ғылымының қазіргі мәселелері: аударма және оқытылатын тілдердің әлем әдебиетімен байланысын зерттейтін жоғары білікті мамандардан, филологтардан құралған. 
Кафедра білім алушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары университет пен кафедраның стратегиялық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. 6В01703 – «Шетел тілі:екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау»  білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың қызығушылықтары мен бағыттарына негізделген “Empire of Knowledge” атты ағылшын тіліндегі студенттік ғылыми үйірмелер: айына екі рет «Movie club», екі рет «Conversation club» жұмыс жасайды. Үйірме жетекшісі: магистр-оқытушы Мирзахметова Ж. 
Студенттік үйірмелер білім алушыларға білім алуға, дамуға және әлеуметтік белсенділікке қосымша мүмкіндіктер бере отырып, жоғары білім алуда маңызды рөл атқарады. студенттік үйірмелер білім алушылардың  жан-жақты дамуына ықпал етеді және оқу бағдарламаларынан тыс білім беру тәжірибесін толықтырады.
 Кафедра  ПОҚ отандық және шетелдік әріптестермен тығыз байланыс орната отырып, республикамыз бен алыс-жақын шетелдерде ұйымдастырылған халықаралық, аймақтық семинарлар мен конференцияларға тұрақты түрде қатысып отырады. 
2024 жылдың 18 қыркүйегінде “Ағылшын тілі” кафедрасы мен Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті бірлесіп, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің ғалымдарының қатысуымен “Тіл және ойлау: психологиялық және лингвистикалық аспектілер” тақырыбындағы XXIV Халықаралық ғылыми конференция жұмысы барысында онлайн телекөпір ұйымдастырды.
Телекөпір барысында мәскеулік әріптестермен өзара тәжірибе алмасқан кафедра ПОҚ-ы  тіл білімі  және тілдерді оқытудың өзекті мәселелерін талқылады. Кафедра меңгерушісі PhD Артықбаева Ф.И. өз зерттеу жұмысы бойынша баяндама оқып, сана және мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы саласындағы психолингвистикалық зерттеулер талқыланды, магистранттар шетелдік білім беру жайлы сұрақтар қойып, ғалымдардың  тұжырымдамаларын тыңдады. Телекөпір қызу пікірталасқа ұласты.
 

1

 

3
Кафедраның халықаралық ынтымақтастығы

Кафедраның халықаралық ынтымақтастығы ЖОО аралық келісімдер, меморандумдар мен келісімдер, сонымен қатар хаттамалар мен жұмыс бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
Кафедраның ынтымақтастық географиясы өте алуан түрлі – кафедра Ресей, Өзбекстан, Түркия, Польша, Оңтүстік Корея және т.б. елдердің жетекші академиялық және ғылыми орталықтарымен бірлескен оқу және ғылыми жобаларды құруды жоспарлап отыр.
Шетел тілдері кафедрасы А.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі университеті, Ш.Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті, Шыршық мемлекеттік педагогикалық университеті, Момун университеті, Хорезм, Ферғана мемлекеттік университеті және Андижан педагогикалық университеті, Андижан қаласы.
Кафедра білім берудің барлық деңгейінде (бакалавриат – магистратура) мамандарды дайындау бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын жетекші шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен ынтымақтастықта жұмыс істейді, ғылыми зерттеулер жүргізеді, бірлескен конференциялар, онлайн олимпиадалар ұйымдастыру, тәжірибе алмасу.

 

Академиялық ұтқырлық

 Академиялық ұтқырлық бағдарламасы Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің даму бағыттарының бірі. Қазіргі таңда университет сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларын сәтті жүзеге асыруда.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы  ішкі  және сыртқы  ұтқырлық байланысты қамтамасыз етеді. Ішкі  ұтқырлық  академиялық бағдарламасы білім алушыларды, серіктес жоғары оқу орындарының  студенттерін  оқу шарттары туралы ақпараттармен таныстырады. Сыртқы академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы – басқа Қазақстандық жоғары оқу орындағы білім алып жатқан  университетіміздің студенттері туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Осындай міндеттерді шешуде “Ағылшын тілі” кафедрасында алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарымен, орталықтарымен, ғылыми ұйымдарымен тұрақты ғылыми байланыстар орнату басты жоспарда. Осы мақсат аясында оқытушылары, магистранттары мен студенттері жыл сайын ғылыми тағылымдамадан өтіп, өздерінің білімдерін шетел ғылымы мен практикасындағы жетістіктерімен толықтырып отырады. Осымен қатар, профессорлық-оқытушылар құрамының шетелге шығуының тиімділігі тек оқытушылардың біліктіліктерін жоғарылатуға мүмкіндік алып қана қоймай, олар кафедра, факультет деңгейінде өз тәжірибелерімен бөлісуге, жаңа курстар өңдеуге, ғылыми қызығушылықтарын белсендіру мен дамытуға мүмкіндік алады. 

Академиялық ұтқырлық бөлімімен бірлесе отырып, кафедраның  жұмыс жоспары бойынша Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетіне ФИ 23-9к3 тобынан Ирсалиева Нулифар және ФИ 23-9к4 тобынан Иззатуллаева Гулзода жіберілді. ФИ 23-9к4 тобынан Файзырахман Арайлым Ташкент  қаласындағы Альфраганус университетіне күзгі семестрде оқуға мүмкіндік алды. 

Кәсіби практикадан өтетін базалар
Өндірістік тәжірибе мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, интернаттарда, гимназияларда, лицейлерде, спорт мектептерінде, колледждерде және педагогикалық мамандықтар бойынша басқа да білім беру және мамандандырылған мекемелерде теориялық білімді іске асыруға және практикалық дағдыларды және дағдыларды жетілдіруге бағытталған.
Тәжірибелік бағдарламаларды қалыптастыруда олардың ұйымдастырылуы корпоративтік серіктестер мен жұмыс берушілерге маңызды рөл атқарады. Тәжірибе бағдарламалары практиканың мақсаттарын, мақсаттарын, қалыптасқан құзыреттілігін, практиканың негізгі мазмұнын және есеп беру құжаттамасына қойылатын талаптарды, бағалау критерийлерін көрсетеді. Тәжірибенің негіздері мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған келісімдерге сәйкес айқындалады.
Кәсіби практика 6В011703 - «Шетел тілі: екі шетел тілі» кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады және алынған теориялық білімді нығайтуға және практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған. ОП студенттерін меңгеру барысында оқу, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе өтеді 
    Оқу іс-тәжірибесінің мақсаты келесілер болып табылады: студенттердің алғашқы кәсіптік білім алуы, білімдерін бекіту, бастапқы теориялық алған білімдерін оқу процесінде дамыту және жетілдіру, 1 курстарында мамандығы бойынша кәсіптік дағды мен білікті игеру. Оқу практикасының 2 кредиті бір апта ішінде игерілуде.  
Өндірістік іс-тәжірибесінің мақсаты болып табылады: студенттердің теориялық білімін тереңдету және бекіту, тұрақты кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, берілген тапсырмаларды өз бетінше және сапалы орындауға және ақылға қонымды шешімдер қабылдауға қабілеттілігін қалыптастыру, дипломдық  жұмысын дайындау және жазу үшін эмпирикалық материалды жинау, кәсіби қызметке ынталандыруды күшейту. Сонымен қатар практикалық дағдыларды меңгеру, кәсіптік білім беру сапасын жоғарылату, өткен пәндер бойынша алған білімдерін шоғырландыру, жалпы орта білім беретін мектептерде жұмыс тәжірибесін алу. Өндірістік практиканы өту үшін 10 апта ішінде игерілген 4 кредит беріледі.
    Дипломалды практиканың мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыс дағдыларын жетілдіру, және оның нәтижелерін ресімдеу, қалыптастыру; дағдыларды орындау, оқу-ғылыми шығармалар біліктілік сипаттағы материалдарын дайындау; дипломдық жұмыс. 5 апта ішінде 2 кредит дипломалды іс-тәжірибе игеріледі. 
Төмендегілер оқу, өндірістік және диплом алдындағы іс-тәжірибе базалары болып табылады: 
1.    №24 С.Ерубаев атындағы IT мектеп-лицейі  
2.    №9 Ө.Жолдасбеков атындағы  ИТ лицейі КММ 
3.    № 23 З. Космодемьянская атындағы мектеп-лицейі 
4.    №14 Айбек атындағы жалпы орта мектебі 
5.    №77 А.Асқаров атындағы мектеп-лицейі
6.     Шымкент жоғары педагогикалық коледж 
7.    №38 Н.Ондасынов атындағы мектеп-гимназиясы
8.    №41 А.С.Макаренко атындағы мектеп-лицейі
9.    №33 К.Қасымұлы атындағы ЖОМ
10.    № 108 Хамза атындағы ЖОМ 
11.    №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназия
12.    К. Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейі
13.    №90 дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-гимназиясы
14.    №4 Х.Досмухамедов атындағы ЖОМ
15.    №135 ЖОББМ
16.    №110 З.Хусанов атындағы ЖОББМ
17.    №54 ЖОББМ 
Кәсіптік практиканың бағдарламалары (оқу, өндірістік, диплом алдындағы) кафедра мәжілістерінде міндетті түрде талқыланады.
Практикалық негіздер білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келеді, тәжірибелік жетекшілер ретінде кафедраның тәжірибелі нұсқаушылары мен ұйымдардың өкілдері тағайындалады. Тәжірибе ұйымдастыру алдын-ала кеңес беруді, тәжірибе базасымен танысуды, практиканың көшбасшыларын анықтауды, тәжірибе базасының жұмысына қатысуды, есептік құжаттарды дайындауды көздейді.
Практикаға сәйкес кафедраның есеп беруіне сәйкес келетін, ол практиканың басшылығымен тексеріледі және кафедра алдындағы коммиссии беріледі. Результаты защиты отчета бағаланған бальне-рейтингтік жүйе бойынша баға бойынша әртүрлі бағаға бағаланып, назар аударатын конференцияларға бағынады.
Үйлестіру мақсатында мамандарды даярлау талаптарын ескере отырып, жұмыс берушілерге, еңбек нарығында талап етілетін, оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру кәсіпорын жұмысшыларының және оқытушылардың нысандарының бірі ретінде білім беруді интеграциялау, ғылым мен өндірістің тиімділігін арттыру, қызметін және қарым-қатынасты нығайту құрылымдық бөлімшелерінің жоғары оқу орнының инновациялық ұйымдар мен кәсіпорындар қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын ғылыми және инновациялық құрылым құрылды, оқу-өндірістік кешен  «6В011703-Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша лингвистикалық мектеп-гимназия №26 Жамбыл атындағы (Шымкент қаласы) негізінде.
«6В011703-Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттері оқу, өндірістік тәжірибе, диплом алдындағы тәжірибе өздерінің белсенділігін көрсетті, студенттер теориялық білімдерін іс жүзінде көрсете алды, мектептің іс-әрекеттеріне белсенді қатысқаны үшін мектеп басшылығының алғыс хаттарымен марапатталды.12

 

 

 

Тәрбие жұмысы

Біліктілікті көтеру

«Шетел тілдері» кафедрасының профессор-оқытушыларының біліктілігін көтеру кестесі бойынша 2023-2024 оқу жылының есебі.

Кафедрада бекітілген жоспар бойынша  қазан  айында
1. Аға оқытушы Ормаханова Г.С. ТОО «Өрлеу» қосымша білім беру институты Алматы. 05.10-2023-20.10.2023 ж.  аралығында «Инклюзивті білім жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін студенттермен жұмыс істеу технологиялары» курсы бойынша 80 сағат көлемінде біліктілігін арттыру курсынан өтті.  Сертификаттың тіркеу нөмері №230510-0010-279. 
05.10-2023-20.10.2023 ж.аралығында «Advance» Оқу орталығы ЖШС«ADVANCED TRAINING OF PROFESSIONAL AND COMMUNICATIVE COMPETENCIES OF FOREIGN LANGUAGE TEACHERS» курсы бойынша 80 сағат көлемінде біліктілігін арттыру курсынан өтті:
1.Айтжанова Сара Егізбаевна № 20230510-0010-251. 
2. Юсупова Гузал Таджихановна № 20230510-0010-249.
3. Назар  Диана Бейбітқожақызы  № 20230510-0010-250.
4. Арысбаева Эльнора Пирмуратовна № 20230510-0010-248.
5. Тургынбаева Жазира Макулбековна № 20230510-001-252.

29.01-10.02.2024ж. аралығында Ж.А.Ташенев атындағы университеті біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Цифрлық сауаттылық» курсы бойынша 72 сағат көлемінде біліктілігін арттыру курсынан өтті:
1.    Ботабаева Ж.Н. №0014
2.    Турсынова Г.И. № 
3.    Умаралиева М.А. №0013 
4.    Серікбаева Ш.Е. №0057
5.    Ақберді Б.
6.    Назар  Д.Б. №  
7.    Арысбаева Э.П. №0015
8.    Арыстан Г.А. №0004

          Кафедраның профессор-оқытушылары жоспардан тыс «Ауезов Университеті Халықаралық Жазғы Мектеп - 2023» оқу орталығынан 19 мен 30-маусым аралығында 90 сағаттық оқу курсына қатысып, сертификаттарын алды. 
1.     Ботабаева Ж.Н. №5402
2.    Турсынова Г.И. №5677
3.    Ормаханова Г.С.№5683
4.    Умаралиева М.А. №5403
5.    Айдарбекова А.С. №5405
6.    Кемелова Г.М. №5404
7.    Турсынова Г.И. №5406
8. Юсупова Гузал Таджихановна Абылай Хан атындағы қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті. 
Тақырыбы: Ағылшын тілін оқытудағы цифрлық технологиялар 22-29 қараша аралығында 72 сағаттық оқу курсына қатысып, сертификаттарын алды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Кафедрада кәсіптік бағдар беру жұмысы екі бағытта шоғырланған: талапкерлерді тарту және бітірушілерді жұмысқа орналастыруға көмектесу және студенттердің кәсіби өзін-өзі анықтауын дамытуға бағытталған.
Бөлім мектептер мен колледждердің жұмыс берушілері үшін ашық есік күндерін және мамандар жәрмеңкелерін ұйымдастыруға қатысады, ашық есік күндерін өткізеді, облыстар мен қалаларда дала жұмыстарын ұйымдастырады. Мұндай іс-шаралар қалалық және ауылдық ортадағы студенттердің кең ауқымын қамтуға бағытталған.
Кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеті – талапкерлерді университеттің бағыттары мен мамандықтары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және қосымша кәсіптік білім туралы ақпараттандыру. Оңтайлы нұсқа – ЖОО-дағы кәсіптік бағдар беру бағдарламасы тек талапкерлерді тарту мен бітірушілерге қолдау көрсетуді ғана емес, сонымен қатар аралық кезең – студенттердің кәсіби дамуы мен өзін-өзі анықтауын ескереді.
Еңбек нарығының тұрақты мониторингі жұмыс берушілердің талаптары мен талаптарын жақсырақ түсінуге және олардың бітірушілердің құзыреттіліктерімен сәйкестігін табуға көмектеседі. Бұл университеттің салалық жұмыс берушілермен және компаниялармен өзара әрекеттесуін жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар түлектердің өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.
 

1

 

Жаңалықтар

Студенттік ғылыми қоғам (СҒҚ)

«Ағылшын тілі» кафедрасының базасында «Future Leaders League» студенттік ғылыми қоғамы (СҒҚ) жұмыс істейді, оның мүшелері жыл сайын университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарына, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік және студенттік лингвистикалық үйірмелердің отырыстарына қатысады. Студенттер жыл сайын өз білімдерін түрлі деңгейдегі олимпиадаларда, жергілікті және ұлттық дәрежедегі сайыстарда көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында өтетін Республикалық пәндік олимпиада, Анталия қаласында өтетін оқушылар мен студенттердің жыл сайынғы халықаралық олимпиадасы және тағы басқа іс-шаралар. Университетте жыл сайын «Жаңа Қазақстан және студенттердің ғылыми шығармашылығы» атты ғылыми студенттік конференция өтеді, оған ең белсенді және ғылыми қызығушылықтары жоғары студенттер қатысады.
Сонымен қатар, кафедра студенттердің әлеуметтік-мәдени және лингвистикалық дағдыларын дамытуға бағытталған әлеуметтік клубтар жұмыс істейді: Movie Club және Conversation Club. Movie Club-та студенттер айына бір рет шетелдік киноларды қарап, танымал сериалдарды өзара талқылай алады, сондай-ақ мерекелік іс-шаралар: Happy Halloween, Christmas Party, Valentine’s Day, Жеңіс күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралар студенттердің көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін де дамытуға мүмкіндік береді. Movie Club-тан бөлек, студенттер өздерін Conversation Club-та көрсете алады, мұнда тұрақты мүшелермен бірге АҚШ, Англия, Жаңа Зеландия, Германия, Нидерланды сияқты ағылшын тілді елдердің шетелдік студенттері де қатысады, бұл көпұлтты қоғамдағы өзара құрметті дамытып, оң мәдени тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
Conversation Club-та студенттер күнделікті шет тіліндегі сөйлеу практикасын және TED Talk, ToastMasters, дөңгелек үстелдер, воркшоптар, вебинарлар, мотивациялық баяндамалар, стенд-аптар және дебаттар форматында көпшілік алдында сөйлеу машықтарын жетілдіреді. Клубтың базасында көптеген іс-шаралар өткізіледі: «Future Professions» атты дөңгелек үстел, «Who Wants to Be a Millionaire» викторинасы, «Мәдени айырмашылықтар» дебаты және ұлттық мереке «Nauryz Fest»-тың тойлануы. Осы іс-шаралар барысында студенттер өз білімдерін көрсетіп, шетел азаматтарын ұлттық мәдениетіміздің ерекшеліктерімен таныстырады. Бұл шаралар филология ғылымдары бойынша білімдерін кеңейтуге ұмтылатын студенттердің басын қосуға көмектеседі. Мұнда студенттер тек лингвистикалық және әдеби қабілеттерін ғана дамытып қоймай, шешендік өнердің элементтерін меңгереді, пікірталастарды дұрыс жүргізуді үйренеді, түрлі ғылыми жұмыстарды сынақтан өткізіп, оларды рәсімдеуге дайындалады, сондай-ақ ғылыми-тәжірибелік конференцияларға дайындалады.
Сонымен қатар, қоғамдық-саяси және құқықтық мәселелерге, студенттердің халықаралық және патриоттық тәрбиесіне де көңіл бөлінеді. Кафедра оқытушылары мен студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, Конституция күні, Қала күні және басқа да мерекелік және тақырыптық жиналыстар сияқты маңызды мерекелерге арналған республикалық, облыстық және қалалық іс-шараларға қатысады. Бұл кездесулерде жастар ұйымдарының проблемалық мәселелері, қазіргі жастардың, студенттердің қажеттіліктері және қазіргі заманғы азаматтарды толғандыратын мәселелер талқыланады.
Өлке туралы білімдерін тереңдету мақсатында кураторлар Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары: Сайрам, Арыстан баб, Түркістанға экскурсиялар ұйымдастырады.
Студенттер күн сайын көпұлтты қоғамдағы мінез-құлық ережелерін үйренеді, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын әрбір тілдің және сол тілдердің иелерінің мәдениетін құрметтеуге үйренеді, Қазақстан Республикасының Тілдер туралы Заңын және оның қолдану салаларын зерттейді.
 

1

 

Ғылыми үйірме

 

Фотогалерея
1  5

 

2  1
Пәндер презентациялар

Name of the discipline: Communicative Grammar 
Code, name of the discipline: PhALT 4310 «Philological analysis of the literary text» 
Discipline code, name: SLL 4313 Syntax of Learning Language 
Discipline code, name: PWT 4313 Literature of the country of studied language 
Әдеби Мәтінді Лингвистикалық Талдау 
Code, name of the discipline: TOEFL Course

Paen-atauy-Iskerlik-nemis-tili 

 

Жаңа пікірді жазу

Бұл өрістің мазмұны құпия ретінде сақталған және жарияланып көрсетілмейді.

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары