Халықаралық ынтымақтастың нәтижелі қадамдары

Күні кеше Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының ректоры профессор Шухрат Махмутович Тохтасимов және ол кісі басқарған оқу ордадан профессор, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Өзбекстандағы «Достық елшісі» Х.Хамроевалар Жұмабек Тәшенев атындағы университетіне іссапармен келді.
Екі жоғары оқу орындары арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумның шеңберінде Ж.Ташенев атындағы университетінің ректорат мүшелерімен өткен дөңгелек үстел барысында өнер, саз, хореография салаларында екіжақты келіссөздер жүргізіліп, перспективалық жоспарлар жасалынды.
Ісшарада университет ректоры Қ.Байболов, оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор Ф.Байнеева, ғылыми және зерттеу жұмыстары жөніндегі проректор Ш.Арзымбетова, «Академиялық ұтқырлық» бөлімінің басшысы Ш.Наралиева, Филология факультетінің деканы А.Мамыт, «Тілдер және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі А.Аккузов, Өнер және саз» кафедрасының меңгерушісі Б.С.Тлеубаева т.б. ОПҚ құрамы, сонымен қатар ҚР ӨЭМБ «Дустлик» қауымдастығының төрағасы И.Хашимжанов қатысты.
Іссапар жоспарына сәйкес профессор Ш.Тохтасимов «Өнер және саз» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне шебер-сынып өтіп, ӨМХА тынысы, тәжірибесімен бөлісті.
Профессор, ф.ғ.д. Х.Хамроева «Тілдер және әдебиет» кафедрасына қарасты «6В01704-Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» БББ 1-2-курс студенттеріне арналған «Мир Әлішер Науаидың шығармашылық мұрасы және ана тілі» тақырыбында екі сағаттық қонақ дәрісі өтті. Дәріс барысында 70тен астам студенттерді өзіне баурап алған ұстаз Хулкар Хамидуллаевна дәрісте белсенді қатысқан студенттерге кітаптар топтамасын табыс етті.
Профессор Ш.Тохтасимов пен Х.Хамроевалар өткізген «Шеберлік сабақтары» университет профессорлары мен студенттеріне үлкен әсер қалдырды.
Ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас ізгілік жолында өркендей берсін!