Ғылыми кеңес мәжілісі
Бүгін университетімізде ең маңызды жиындардың бірі - ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ өтті.
Мәжіліске университет ректоры мен проректорлар, кафедра меңгерушілері мен бөлім басшылары, жастар саясаты өкілдері қатысты.
Жиын барысында Tashenev University ғылыми журналын шығару мәселесі мен перспективасы, жастардың өзін-өзі басқару қызметі мен білім беру саласындағы даму бағыттары талқыланды.
Шеберлік дәріс
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті студенттер, жас ғалымдар және профессор-оқытушылар қүрамы!
Білімгерлердің ізденуге деген қабілеттерін жетілдіру мен оқуға қүштарлығын ояту мақсатында Филология факультеті аптасына бір рет «Кәсіби даму» күнін жариялап отыр.
Осыған орай, Президент сыйлығының лауреаты, танымал журналист, публицист, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қоғам қайраткері Бейсенбай Жолдасбекұлы Сүлейменов білім алушыларға «Бүгінгі балалар әдебиеті» тақырыбында шеберлік дәрісін өткізеді.
Семинар-тренинг
Хабарландыру
Құрметті Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университетінің профессор оқытушылары!
Түркия Республикасы Кония қаласы Сельджук университетінің профессоры Мұстафа Демирчи мырзаның «Түркиядағы академиялық қызмет және тәжірибе» тақырыбында семинар тренинг өткізіледі.
Өткізілетін уақыты: 2023 жылдың 29 қараша күні, сағат 14:20 да.
Өткізілетін орны: Гагарин көшесі, 22А.
Ескерту: кафедра меңгерушілері сабақтан бос ПОҚ-ң толық қатысуын қамтамасыз ету тиіс.
"Парасат майданының мұзбалағы" атты кеші
Ж.А.Ташенев атындағы университеттің білім алушылары қалалық Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен Тәкен Әбдік шығармашылығына арналған "Парасат майданының мұзбалағы" атты кешке қатысты. Кешке Жазушылар Одағының төрағасы Дәркен Танабаев, Ж.А.Ташенев университетінің аға оқытушысы Рана Арынбаева т.б. қатысып, білім алушылардың автор шығармаларын талдауына баға беріп, сәттілік тіледі. Аталған университеттің 1курс студенті Аман Рахат домбырамен әуендетіп, ән салып, тыңдармандарды бір серпілтіп тастады.
"Қазақ тілі және әдебиеті" кафедрасы
- Кафедра туралы
-
Кафедра тарихы 1999 жылы 1 қазаннан басталады. Кафедра қазақ тіл мен әдебиеті,өзбек тілі мен әдебиет мұғалімдерін даярлайды. Білім саласында жүйелі білім қалыптастыра алатын,оқу үрдісін заманауи талаптарға сәйкес деңгейде ұйымдастыру қабілетіне ие, ғылыми зерттеулерді,жобалық жұмыстарды, жүзеге асыра алатын қазақ тілі мен әдебиеті , өзбек тілі мен әдебиет мұғалімін дайындауда үздіксіз қызмет атқаруда.
Ректор жатақхана жастарымен кездесті
Бүгінде студенттер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында түрлі шаралар мен кездесулер ұйымдастырылуда.
Соның бірі - университет басшығы мен жастардың жатақханадағы кездесуі.
Университет ректоры Байболов Қанат Сейтжанұлы жауапты лауазымды тұлғалармен бірге жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ішкі тәртіпті тарқата түсіндірді.
Егер сенің де қояр сауалың, айтар ұсынысың болса, жекеге жолдай аласың.
Ашық дәріс
Tashenev University Филология факультетінде 2023 жылдың 23 қараша күні «Тілдер және әдебиет» кафедрасының доценті, п.ғ.к. С.Т.Мусаева 6В03201- «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының 2 курс ФИ-22-4к оқу тобында «Библиографиятану» пәнінен «Библиографиятану саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұны» тақырыбында ашық дәрісін өткізді. Ашық дәріске факультет деканы А.А.Мамытов, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен оқу-әдістемелік бөлімінің өкілдері қатысты.
Ташенев оқулары - Ақпараттық хат
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді ТАШЕНЕВ ОҚУЛАРЫ: «БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ ТРЕНДТЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ» халықаралық ғылыми-практикалық NEOконференциясына қатысуға шақырамыз.
Түркиялық профессор семинар өткізді
Түркия республикасы Кония каласы Сельджук университетінің профессоры Мустафа Демирчи «Орта ғасырлардағы ислами мәдениет» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға оқу орнымыздың докторанттары мен тарих және география білім беру бағдарламасының студенттері мен мұғалімдері қатысты.
Білімгерлер профессорға сұрақтар қойып, өзекті тақырып бойынша қызықты пікір талас жүргізілді.