Ашық сабақ

20 қазан 2023 жылы «Бастауыш білім және өнер» факультетінің аға оқытушысы Сарсекенова Акзира 1 курс студенттеріне ПИК-23-5к топтарына «Жаратылыстану» пәнінен ашық лекция сабақ өтті. 
Сабақтың тақырыбы: Казакстаннын таулары, жанартаулар(вулкандар)». Ашық лекция сабаққа кафедра оқытушылары, п.ғ.к. кафедра меңгерушісі Жапбарова Г.А.,  п.ғ.к. доцент Ирметов О.А., магистр аға оқытушы Архабаева А.К.,  магистр оқытушы Тамабай Ә.М. қатысты. 
Лекциялық сабақ жоспарды толық қамтыды, білім алушылар белсенді қатысып, топпен де, жеке дара да жұмыстар жасады. Университетіміздің аға оқытушысы сабақ өту барысында өзінің бойындағы оқытушылық қабілетін шебер көрсетіп, кафедра мәжілісінде талқыланып, кафедра оқытушыларының тарапынан жоғары құрметке ие болыды. 
Инновациялық технологияларды қолданып, миға шабуыл, кері байланыс әдістерін қолдана отырып ашық лекция сабақты жоғары дәрежеде өте жақсы өткізіп шықты.