Танымдық-тәжірибелік апта

«Бастауыш білім және өнер» факультетінде 23.10.2023-27.10.2023ж.ж. күндер аралығында «Болашақ мамандарға заманауи білім беру жүйесі: әдістеме, тәжірибе» тақырыбында танымдық-тәжірибелік апталықтың бүгін екінші күні болып өтті. Аль-Фараби атындағы мектебінің мұғалімі Муханова Дамеш Жарылкапова «Үстеу» тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сынып барысында бастауыш сыныптарға сабақта заманауи технологияларды қалай қолдану керектігін студенттерге түсіндіріп, өзінің көрнекілік құралдарын тарқатып, студенттермен жұмыс жасады, ақпараттық технологияларды белсенді түрде қолданды. 
    «Қазығұрт №66» жалпы білім беретін мектебінің педагог-сарапшысы Елікбай Балжан Лесқызы бастауыш сыныптағы оқыту тәжірибесімен бөлісе отырып, бастауыш сынып оқушыларына ойын технологиясын қолдану ерекшеліктерін студенттерге көрсетіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті.
    Студенттер қатты қызығып, бастауыш сынып мұғалімдеріне сұрақтарын жаудырды. Мұғалімдер мен студенттер арасында пікір-талас жүрді, олар сабақ беру тәжірибесін өз көздерімен көргеннен кейін, өз мамандықтарына деген сүйіспеншіліктері бұрынғыдан да артты.