Мастер-класс пен психологиялық тренинг өтті
- 1 view
«Бастауыш білім және өнер» факультетінде 23.10.2023-27.10.2023ж.ж. күндер аралығында «Болашақ мамандарға заманауи білім беру жүйесі: әдістеме, тәжірибе» тақырыбында танымдық-тәжірибелік апталықтың бүгін төртінші күні болып өтті. 26.10.2023 күні Аль-Фараби атындағы мектебінің мұғалімі Сахова Ақбөпе Саятайқызы «Этностильдегі қолөнер бұйымдары» тақырыбында көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 2,3 курс студенттеріне жүннен жасалатын қолөнер бқйымдарының жасалу технологияларының бірнеше түрлерін қолданып, шебер сынып өткізді.
Сонымен бірге №4 қалалық емхана психологы Атаева Жадыра Мұханқызы «Менің мамандығым – психолог» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Психологиялық тренинг барысында Жадыра Мұханқызы мектеп оқушыларымен қалай жұмыс жасау керектігін, баланың психологиялық ахуалын қалай анықтау керектігін, оларды қай жағынан қолдау керектігін, қандай психологиялық тесттерді қолдану керектігімен таныстырып өтті.
Бүгінгі өткізілген шебер сынып пен психологиялық тренинг студенттерге қатты ұнады. Мұндай бастамалар жалғасын тапса екен деген пікірлерін студенттер айтып өтті. Әрине мұндай шебер сыныптар біздің факультетте жиі қйымдастырылатын болады.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет