Қызылшаның алдын алу шаралары айтылды

Қазіргі таңда қызылша ауруының белең алуына байланысты университетіміздің студенттерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қызылша – ауа жолы арқылы өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі. Бұрын қызылшамен ауырмаған немесе қызылшаға қарсы екпе салдырмаған адам қызылшамен ауырған адаммен байланыста болса, жұқтырып ауырып қалу мүмкіндігі өте жоғары.
Белгілері: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, жөтел, мұрыннан су ағуы тамағы ауырып Кейінірек конъюнктивит - көздің шырышты қабығының қабынуы, қызарып жасаурап денеде қызыл бөртпелер пайда болады яғни жоғарыдан төмен қарай бас бөлігінен бастап денеге қолға-аяқтарға қызыл бөртпелер шығады.
Ендеше, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік