«Сурет» пәнінен ашық практикалық сабақ

27.10.2023ж. күні «Өнер және саз» кафедрасының оқытушысы, магистр Көбеева Нұргүл Мұхтарқызы 6В02101-Дизайн білім беру бағдарламасы бойынша 1-курс ПиК-23-14к тобына «Сурет» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес «Адам бас сүйегінің анатомиялық құрылымы» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді. Сабаққа кафедра профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің бойында шығармашылық  шабыттың оянғанын байқауға болады. Оқытушы студенттерге сабақтың жоспарын, мақсатын айқындап, көрнекіліктермен сабақтың тақырыбын аша түсті. Сабақ барысында оқытушы бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақтың мәнін ашып, түсіндіре білді.