Тахауи Ахтановтың “Шырағың сөнбесін” романын талдау

“Сырдария” университетінің “Көкжиек” әдеби-тілдік бірлестігі жазушы Т.Ахтановтың шығармасын талдамақ. Барша әдебиет сүйер қауымды шараға қатысып, пікір білдіруге шақырамыз!

Күні : 20 қаңтар, сағат:15:00

Өтетін орны: 36-аудитория

Байланыс телефоны: 8 747 151 64 79
 

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ШЕШІМІН ҚОЛДАЙДЫ

Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан - басты байлығымыз. Тәуелсіздік сынға түскен сәтте бірлігімізді нығайтып мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жанында топтасып, оның жүзеге асырып жатқан саясатын толық қолдаймыз!
Елімізде елең алған жағымсыз оқиғаларға қатты күйінеміз, сондықтан біз, Жиделібайсын жеріндегі жоғары білімнің ақ шаңырағы - «Сырдария» университеті студенттері және профессор-оқытушылары Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірге екенімізді жариялаймыз.

"Халық сақшысы” еріктілер

Кеше еліміздегі төтенше жағдайға байланысты құрылған "Халық сақшысы” еріктілер жасағы Жетісай ауданындағы блок бекеттердегі әскери қызметкерлерге түскі ас таратуға көмектесті. Еріктілер арасында университетіміздің StudentsUnion белсенді студенттері бой көрсетті. Олар: “Филология және гуманитарлық білім” факультетінің 1- курс студенті Серікбай Зулхарнай мен “Спорт және өнер” факультетінің 1- курс студенті Камал Айшагүл.

Бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні

Бейбіт шерудің берекесін қашырып, елге лаң салған содырларға халықтың қарғысы тиер…
Шейіт кеткен боздақтардың рухтары бейіштің төрінде шалқысын!  Марқұмдардың ата-аналарына, туған-туыстарына, жарларына қайғырып көңіл айтамыз. 
Енді мұндай сұмдық қайталанбасын! Еліміздің еңсесі биік, Туы жоғары болсын!
 

https://www.facebook.com/syrdariyauniversity/videos/322120479807249/

Құттықтаймыз!

Білім мен ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесі және кадр даярлаудағы жоғары жетістіктері үшін Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Балабиев «Сырдария» университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлерін естелік грамоталармен марапаттады:

“ҮЗДІК ЖАСТАР - 2021” премиясы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Жастар ресурстық орталығына 10 жыл толуына орай аудан әкімінің “Үздік жастар - 2021” премиясы өтті.
Премияда университетіміздің бөлім басшылары мен студенттері қатысып, "Үздік номинация" иегерлері атанды.
"Үздік жастар ұйымының төрайымы" номинациясын Жастармен жұмыс атқару бөлімінің басшысы Тұрсын Ақерке иеленді.
“Үздік оқытушы” номинациясын “Ғылыми зерттеу және коммерциялау” бөлімінің басшысы Мазанбекова Меруерт алды. 

ЖАС ҒАЛЫМ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беру туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №600 бұйрығына сәйкес «Сырдария» университеті «Ақпараттық технологиялар және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Небесаева Жанар Орынбекқызы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.

«СЫРДАРИЯ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ АШЫЛУЫ

Syrdariya school  артықшылықтары:
✅ ағылшын тілін интенсивті режимде оқыту;
✅ ағылшын тілін шетелдік мұғалімдер оқытады;
✅ математика мен физика пәндерін тереңдетіп оқыту;
✅ жоғары білікті мұғалімдер;
✅ шетелдің тәжірибелі мамандарынан білім алу мүмкіндігін ұйымдастыру;
✅ оқыту процесінде баланың сыни тұрғыдан ойлауын дамытатын технологиялар қолданылады;
✅ оқу бағдарламасының икемділігі, балалардың өздерін қызықтыратын пәнді таңдай алу мүмкіндігі;
✅ заманауи материалдық-техникалық база;

Университет және мектеп: білім саласындағы ынтымақтастық

Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясы «Сырдария» университетінің қолдауымен 2021 жылдың 21 желтоқсан күні «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: мектеп мұғалімдерінің заманауи білім әлеуеті мен жетістіктері» тақырыбында  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. 
Конференцияға аудандағы жалпы білім беру мекемелерінен мектеп директорлары, мектеп директорының оқу-тәрбие орынбасарлары, педагог-психологтар, пән мұғалімдері және «Сырдария» университетінің профессор-оқытушылары қатысты.

Оқиға категориялары