МАХАББАТ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КОРОЛІ
Жуырда «Сырдария» университетінде «Барлығы да, Поэзия, сен үшін», - деп жырлаған әдебиет майталманы, қазақтың қара өлеңін құдіретке айналдырған Мұқағали Мақаевтың туылған күніне арналған «Сағынады ақынды сыздап жүрек» не «Махаббат поэзиясының королі» атты әдеби-сазды кеш өтті.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Студенттерді университеттің оқу процесі мен белсенді өмірге ынталандыру олардың кәсіби және жеке құзыреттерін дамыту факультетімізде басым бағыт болып табылады. Факультетте студенттердің өзін-өзі көрсетуіне және қабілеттерін ашуға, жеке және кәсіби бағдарларын шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге қолдау көрсетуге барлық мүмкіндіктер жасалған.
Факультет студенттері республикалық және халықаралық шығармашылық, ғылыми-практикалық конференция,ғылыми зерттеу жұмыстары, конкурстар, әртүрлі деңгейдегі дөңгелек үстелдерге қатысады.
ДОСТЫҚ - БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ НЕГІЗІ
Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 1- курс студенттері «Достық-бірлік пен ынтымақ негізі» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырды.
Мақсаты: достық сезімді студенттердің бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру
Профессор-оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуын жүзеге асыру мақсатында:
“Сырдария” университеті мен И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шарт негізінде университетіміздің профессор-оқытушылары, 2022 жылдың 31 қаңтар мен 5 ақпан аралығында онлайн форматта дәріс оқып, сертификаттармен марапатталды!
GUEST SPEAKER
Сіздерді кезекті еркін пікір алмасу алаңына шақырамыз.
Спикер: Нурлыбек Мутаев - Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы
Тақырып: Жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуы
Күні: 17.02.2022
Уақыты: 12:00
Өтетін орны: Арбат Syrdariya
Ішкі академиялық саясат бағдарламасын іске асыру
Профессор-оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуын жүзеге асыру мақсатында:
“Сырдария” университеті мен «Орталық-Азия инновациялық университеті» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шарт негізінде университетіміздің профессор-оқытушылары, 2022 жылдың 31 қаңтар мен 07 ақпан оқу мерзімі аралығында дәріс оқып, сертификаттармен марапатталды!
1. Ынтымаков Советжан Аргынбаевич -заң ғылымдарының кандидаты
2. Бакиров Ержан Амангельдиевич - аға оқытушы, магистр
3. Аширбаева Назиля Нурканатовна - философия докторы (PhD)
Ғылыми мақала жазу әдістемесі
«Сырдария» университетінде Lesson Study (мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі) өтті. Жаңа дәуірдің жаңа бағдары, ол - білім беру саласындағы өзгерістер екені сөзсіз. Жалпы орта мектептердегі білім беру мазмұнының жаңғыруы педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарына үлкен жауапкершілік жүктейді.
Бүгінде «Сырдария» университеті педагогикалық кадрларды даярлайтын білім беру бағдарламаларын толықтай жаңартып, жаңа бетбұрыс жасап отыр.
Мұқағали Мақатаев – XXI ғасыр ақыны
Мұқағали Мақатаев - қазақтың әйгілі ақыны.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты.