IQ ТУРНИР

Кезекті IQ турнирі өтті. Бұл жолғы модератор 1-курс студенттері Айкерім Байназарова мен Орынбасар Мүтан.

Іс-шара барысында қатысушы студенттер логикалық сұрақтарға жауап іздеп, есте сақтау қабілетіне және жүйрік ойлы болуға арналған әр түрлі ойындардың шешімін тауып тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады.

Тренинг: Бәрі сенің қолыңда!

Біздің мақсат: Студенттердің өз мәселесін жан-жақты қарастырып, шешімін тауып, мәселелерді жеңе білу жолдарын түсінуге,күйзеліссіз өмірді көрсетуге ықпал ету.


Күні: Жұма, 5 наурыз


Уақыты: 11:00


Өтетін орны: Бас оқу ғимараты, Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау орталығы
 

Маңызды міндет - инклюзивті білім беру

Сілтеме:  https://oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=32423

Қазақстан Республикасы Үкіметі «2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» маңызды міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамытуды анықтаған. Осының негізінде «Сырдария» университетінде «Қашықтықтан оқыту жағдайында инклюзивті білім беру» тақырыбындағы «Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау» орталығы ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.

Маңызды міндет - инклюзивті білім беру

Сілтеме: https://www.rgmedia.kz/A_sanat/bailanys/2019-06-02/3410.html

Қазақстан Республикасы Үкіметі «2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» маңызды міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамытуды анықтаған. Осының негізінде «Сырдария» университетінде «Қашықтықтан оқыту жағдайында инклюзивті білім беру» тақырыбындағы «Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау» орталығы ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.

АНА – ГҮЛ, АНА – ӨМІР ШУАҒЫ

АНА – ГҮЛ, АНА – ӨМІР ШУАҒЫ – атты тәрбиелік іс шара Диз-18 тобында болып өтті. 
Мақсаты: Студенттерге әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.

«Ана – гүл, ана – өмір шуағы» жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі қызығы мен берекесі –8 НАУРЫЗ ортамызға келді.

СУРЕТТЕР ДЕ СӨЙЛЕЙДІ

«Жемқорлыққа жол жоқ» атты сурет байқауы «Дизайн және өнер» факультет студенттері арасында өтті. Бұл шараны өткізудегі мақсат студенттерді адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету.

Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын сыбайлас жемқорлық саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Guest speaker: пікірсайыс ойын емес, өмір салты

SU Students’ Union ұйымдастыруымен кезекті Guest speaker іс-шарасы өтті. Бұл жолғы спикер Syrdariya University түлегі, Жетісай аудандық “Jalyn” пікірсайыс клубының төрағасы Табиғат Аралбаев.

Кездесу еркін форматта өтті. Табиғат Аралбаев жастарға өзінің университеттегі студенттік өмірі туралы, пікірсайыстағы алғашқы қадамдары мен ең бірінші пікірсайыс ойнағаны туралы, қазіргі таңдаға жетістігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, жастар студенттік өмірді қызықты өткізудің жолдары туралы, пікірсайыс кезінде болған қиындықтар мен қызық оқиғаларын қызыға тыңдады.

"Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау" орталығы ашылу

"Сырдария" университетінің "Педагогика және психология" кафедрасының жанынан ашылған "Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау" орталығының ашылу лентасын қию кезінен естелік.

Талапкерге 5 кеңес

Салем, талапкер!

Сен қазір университет пен мамандық таңдау алдында тұрсың.
Біз саған көмек бергіміз келеді.

Кәсіби мамандардың маңызды кеңестерін қабыл ал.

Сонда ғана сенің болашағың жарқын, табысты болады.

“Жаратылыстану” факультетінің деканы К.А.Исаеваның талапкерлерге арналған 5 кеңесін ұсынамыз.


https://youtu.be/4F_RLyCvsso
 

Тарихтан тағылым, өткенге тағзым онлайн-дәрісі

Жастармен жұмыс атқару бөлімінің ұйымдастыруымен онлайн-дәріс өтті. Спикерлер Syrdariya University Ғалым-хатшысы, ф.ғ.к., доцент Л.У. Абенова, Ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, философия докторы PhD П.А. Абдуразова

Онлайн-дәріс өте қызықты өтті. Лаззат Усманқызы жастарға Алғыс айту күнінің маңызы, тарихы туралы, мерекенің түпкі идеясы туралы айтып берді. Сондай-ақ, студенттер мереке тарихы мен Абайдың бауырмалдық пен адамгершілік туралы айтқан ойларын қызыға тыңдады.

Оқиға категориялары