Юсупова Азизахон Фарходкизи
Мамандығы: Химия
Тобы: Хим-12
Құрметті университет басшылары, аяулы ұстаздар!
Сіздерге шын жүрегімнен өз алғысымды білдіремін!
Өткен жылдар аралығымды берген терең білімдеріңіз шексіз құрметке лайық!
Мен университетте үлкен өмір мектебін алдым, ол маған жұмыста да, шын мәнінде де өмірде пайдалы болады.
Білімді ұрпақтарыңызды жетістіктері арқылы беделдеріңіз өсе берсін!
Сіздермен, университетімізбен әрқашанда мақтанамын!
Ағатай Айша Бехқалиқызы
Мамандығы: Бейнелеу өнері және сызу
Тобы: Бөс-12
Мен «Сырдария» университетінің оқытушыларына өз алғысымды білдіремін. Осы оқу орнынан оқытушылармен білікті маман, құрметті оқытушылар ретінде құрмет тұтамын.
Бүгінгі күнде осы бітіріп отырған «Сырдария» университетіне мақсатты биік шыңдарға жете беруіне тілектімпін. Білімді жоғарлатқаны үшін оқу орнына мың алғыс.
Ташова Қызжан Темиртайқызы
Мамандығы: Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Тобы: БПӘ-22
Өмірдің асығыстығында шек жоқ. Кеше ғана ауылдан келген қарапайым бала едік. Бүгін дайын маман болып отырмыз. Бұл әрине бізге білім берген «Сырдария» университеті мен оқытушылардың берген еңбегінің нәтижесі. Бәріне тілегім, еліміз тыныш, аспанымыз ашық, біліміміз баянды, еңбегіміз жемісті болсын дегім келеді.
Молдахмет Архад
Мамандығы: «Тарих»
Тобы: Тар-12
Студенттік өмір мен үшін қызықты да қасиетті өмір болды. Ішкі талқұлар, нәзік сезімдер, балаң жүректер осы жылдар арасында көрініс берді емес пе? Иә, білім алумен қатар, білікті маман иесі болуға лайық болып отырмыз. Қасиетті «Сырдария» университетіне тілегім – табыстың тауында, бақыттың бағында, білімнің биігінде көріне берсін!
Лесбай Ұлжан Әлібекқызы
Мамандығы: Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Тобы: БПӘ-12
«Сырдария» университеті бізді төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатып, жақсы тәрбие берді, өсірді. Әрине, біздің университетке деген алғысымыз шексіз.
Өйткені шағын қаланың ішінде тұрса де білікті мамандары мен оқу-өндірістік базасы бар оқу ордасын шағын қаладан кездестіре алмаймыз. Тілегім, қанаттарыңыз талмасын, шабыттарыңыз самғасын!
Мамбет Динара
Мамандығы: Шет тілі: екі шетел тілі
Тобы: Шт-12
Иә, асқақ армандармен осы оқу ордасында төрт жыл бойы білім алдық.
Әр жақтан жиналған жастар бір жанұядай бір-бірімізге бауыр басып кеттік. Қызықты күндерді бірге өткіздік. Қазір жүрегімізді қимастық сезім билейді.
«Сырдария» университеті біз үшін үлкен екінші үйіміздей болды.
Университетке шығармашылық шығдалыс, талмас тербеліс тілеймін.
Калжыгитова Маржанай Султанбаевна
Мамандығы: “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі”
Тобы: БПӘ-22
Жігерлі жастар қоғымның болашақ кілті деп тегін айтылмаған ғой.
Біз де бүгін сол болашаққа барар жолдың ашық кілті секілдіміз.
Диплом алып, болашаққа сапар шеккелі отырмыз.
Әріне қимастық сезім бар. Дегенмен де уақыт зұлап өтіп, бізді басқа арнаға бағыттап отыр.
Сондықтан білім берген ордамен оқытушыларға тілерім – баянды білім, сапалы, студент, шығармашылық шың!
Аманов Нуржигит
"Сырдария" университеті - бүгінгі таңда болашақ жас мамандарға сапалы білім беретін оқу орны. Осындай университеттің жабылуы мүмкін емес. Неге десеңіздер? Шалғайда орналасқан аудан болғандықтан, көптеген отбасылар балаларын қалаға оқытуға әлеуметтік жағдайы келе бермейді.
Ал "Сырдария" университеті осындай отбасы балаларының "жоғары оқу орнында оқысам" деген арманына қанат бітірген оқу орны.
МІНЕЗ
"Әр адамның мінезі - астындағы тұлпары" - деп, өмір жолымыздағы бәйгеден оқ бойы озық шығуымыздың құпиясын меңзеген Бауыржан Момышұлы атамыздың осы бір сырлы сөзі, көкейдегі көрікті ойлардың көзін ашардай.
Минжасарова Гулола Абайқызы
2. Білімі: «Сырдария» университеті
Ғылыми академиялық дәрежесі: магистрі
Кәсіби мамандығы: Педагогика және психология
Өтілетін пәндер: Педагогика, Психология
Осы мекемедегі еңбек өтілі: 6 жыл
3. Академиялық тәжірибе:
Жоғары білім туралы диплом: «Сырдария» университеті, 2014 ж. Магистрлік диссертацияны қорғау: «Сырдария» университеті, «Бастауыш сыныптарда инклюзивтік білім берудің ерекшеліктері» 2018 ж.
4. Академиялық емес тәжірибесі: жоқ.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет