ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА – БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ШЫҢДАЛУ МЕКТЕБІ

Болашақ педагог мамандардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін ұштастыратын негізгі форма – педагогикалық практика. Болашақ педагог мамандардың педагогикалық қызметті меңгеруі тек теориялық оқу мен практикалық тәжірибе өзара байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асады. Педагогикалық практикадан өту кезінде студент-практикант қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды.

«МЕГАМОЗГ-2022» халықаралық қашықтық олимпиадасының жеңімпаздары

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Спорт және өнер» факультетінің 6В01603- Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы 2 курс студенті Парманқұл Тілеухан және 4 курс студенті Мамадияр Мустафали Алматы қаласы «СОВА» Халықаралық зияткерлік білім орталығы ұйымдастыруымен «МЕГАМОЗГ-2022» атты студенттерге арналған халықаралық қашықтықтан «музыка» пәндік олимпиадасынан студенттеріміз I- II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Студенттерімізді жетістігімен құттықтаймыз, шығармашылық табыстар тілейміз.
 

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев пен Ғалым Жайлыбайдың тұған күндері

Бүгін «Хан Тәңірінің мұзбалағы» атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күні! Құтты болсын, әріптестер!
«Ай таңбалы арғымағына» мініп, құлағымызға Мұқағалидың үні мен жыры шалынып, Алаштың жыр бәйгесінің алдынан көріне берсін!
Сондай-ақ,
Балапанды бездірсең ұясынан,
Ажырайды қаламым сиясынан.
...Сіздің жаңа күйіңіз
қандай аға -
 Біздің күйдің атауы – «…Ми ашыған...» - деп жырлаған ақын Ғалым Жайлыбайдың да Тәңір маңдайыңа Мұқағалимен бір күнде Жарық Дүниеге келуді жазған екен!

SU Debate

Syrdariya University Students’ Union ұйымдастыруымен студенттік пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа 2 команда қатысты. Білім алушылар “Б.П.21 ғасырдағы ең қажетті мамандықтыкөрсетеді” тақырыбында пікір таластырды. 
Дебат 3 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде командалар жеке көзқарастарын таныстырды. Екінші кезеңде қатысушылар қарсы тарапқа сұрақ қойып пікір таластырды. Үшінші кезеңде екі тарапта сындарға жауап беріп, өз аргументтерін нығайтты. 
Пікірсайыс - білім алушыларға кез келген тақырыпта ой алмасуға , өз позициялары мен дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Конкурс жариялау

Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласындағы «Сырдария» мектеп-лицейіне жұмысқа қабылдау үшін конкурс жариялаймыз.
Конкурсқа жоғары білімі бар, бастауыш сынып мұғалімдері және біліктілік санаттары бар мұғалімдер қабылданады.
«Жетісай ауданындағы «Сырдария» мектеп-лицейіне» штаттық кестеге сәйкес қажетті қызметкерлердің тізімі
 
Лауазымдардың атауы 
Штаттық бірлік саны
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - 1
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - 1
Директодың бейін бойынша оқыту орынбасары - 1
Бухгалтер - 1

Мотивациялық кездесу

Ертең, 02 ақпан күні сағат 11.00-де виртуалды кітапханада ауданымызға белгілі жас кәсіпкер А.Қайназаровпен мотивациялық кездесу өтеді.
Кездесудің мақсаты- өңір жастарының белсенділігін және талантын ашу, бизнес саласындағы тәжірибесімен бөлісу.
Ұйымдастырушы: Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы», университет  "Сырдария".
 

Әскери кафедра

Өтінімдерді қабылдау кезеңі: 01 ақпаннан 20 ақпанға дейін.
Әскери кафедраға қабылдау шарттары:
1 курс:
- екі жылдық оқуға қабылдау, бітіргеннен кейін запастағы “Лейтенант” шені беріледі.
2 курс:
- бір жылдық оқуға қабылдау, бітіргеннен кейін запастағы “Сержант” шені беріледі.
- екі жылдық оқуға қабылдау, бітіргеннен кейін запастағы “Лейтенант” шені беріледі.

Толық ақпарат алу үшін: 
+7 (701) 357-40-77 (Бекарыс Муталиев) хабарласыңыз
 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2021»

Университеттің Ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Абенова Ләззат Усманқызы «ЖОО үздік оқытушысы – 2021» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Ләззат Усманқызы өз білімінің, дүниетанымының, батылдылығының, өзіне деген рухани сенімділігінің және тынымсыз педагогтік, шығармашылық еңбегінің арқасында топты жарып жетістікке жетіп отыр.
Жалпы, байқау жыл сайын оқытушылардың беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.

ЖАСТАР БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА

Жастар арасында танымал Guest speaker айдарымыздың қонағы Жансерік Жұман болды.
Жансерік Жұман - "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан қаласы мәслихатының депутаты. 
"Жастар болашақ жолында" тақырыбында өз ойымен бөлісті. 
Студенттер қызықты сұрақтарына жоғары дәрежеде жауап алды. Кездесу сәтті өтті.
 

БІЛІМ ЖАСТАРДЫ ЕМЕС, ЖАСТАР БІЛІМДІ ІЗДЕСІН

? PDF нұсқа

Қазақстанның шалғай аймақтарының шағын орталығында «Сырдария» университеті орналасқан. Университеттің кадрлық құрамы жыл сайын білікті мамандармен толықтырылып тұрады. Соның ішінде тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор қызметіне 2020 жылы Алматы қаласынан Сламбекова Замзагүл Айнабекқызы конкурстан өтіп, тағайындалды. Осыған орай жаңа маманмен “Сырдария” университетіндегі білім жөнінде арнайы сұхбат жүргіздік.

Оқиға категориялары