Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті «Сырдария» университетінің ұжымы мен студент-жастар!

Сіздерді келіп жеткен жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, жақсылықтан алып, айналаға нұр болып шашылып, әрбір шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік күннен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Баршамыз осындай Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыстар болуын күтеміз. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт-береке, ырыс алып келсін! Алға қойған арман-мақсаттарыңызға жаңа жылда жетіп, биік белестерді бағындыруларыңызға тілекшімін.
Барыс жылы тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер мен қуанышты оқиғалар, жаңа бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!
«Сырдария» университетінің даңқын асқақтатып, мерейін үстем етуде бірлігіміз ажырамай, үздік жоғары оқу орындарының қатарында болуға бірлесе еңбек етейік! Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша әріптестерімізге бейбіт өмір, мол жақсылық, бақытты да мағыналы ғұмыр тілеймін!

Ізгі ниетпен,
«Сырдария» университетінің ректоры,
Бақыт ТОҚМҰРЗАЕВ