“ҮЗДІК ЖАСТАР - 2021” премиясы
- 1 view
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Жастар ресурстық орталығына 10 жыл толуына орай аудан әкімінің “Үздік жастар - 2021” премиясы өтті.
Премияда университетіміздің бөлім басшылары мен студенттері қатысып, "Үздік номинация" иегерлері атанды.
"Үздік жастар ұйымының төрайымы" номинациясын Жастармен жұмыс атқару бөлімінің басшысы Тұрсын Ақерке иеленді.
“Үздік оқытушы” номинациясын “Ғылыми зерттеу және коммерциялау” бөлімінің басшысы Мазанбекова Меруерт алды.
"Үздік жас IT маманы" номинациясын техникалық қызмет көрсету орталығының инженер-бағдарламашысы Іңкәрбек Оразәлі иеленді.
"Үздік жас спортшы" номинациясын "Спорт және өнер” факультетінің 4-курс студенті Олжабай Бақдос, “Үздік ЖОО студенті” номинациясын “Ақпараттық технологиялар және Жаратылыстану” факультетінің 4 - курс студенті Қаржаубай Ерасыл, “Үздік жас волонтер” номинациясын “Спорт және өнер” факультетінің 4- курс студенті Зейілбек Нұрбек иеленді.