Университет және мектеп: білім саласындағы ынтымақтастық

Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясы «Сырдария» университетінің қолдауымен 2021 жылдың 21 желтоқсан күні «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: мектеп мұғалімдерінің заманауи білім әлеуеті мен жетістіктері» тақырыбында  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. 
Конференцияға аудандағы жалпы білім беру мекемелерінен мектеп директорлары, мектеп директорының оқу-тәрбие орынбасарлары, педагог-психологтар, пән мұғалімдері және «Сырдария» университетінің профессор-оқытушылары қатысты.
Конференция бағдарламасына сәйкес жоспарланған шаралар сәтті өтті. Пленарлық мәжілісте онға жуық өзекті тақырыптарға арналған баяндамалар тыңдалды. Университеттің стратегиялық даму жоспарында білім берудің үздіксіз жүйесін жүзеге асыратын педагогикалық қауымдастықты құру міндеттелген. Қазіргі таңда жалпы білім беру мекемелерінде кафедра филилиалдары жұмыс жасауда. «Филология» кафедрасының филиалы №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясы сынды  білім шаңырағында  орналасқан. 
Ұлт үшін, ұлт болашағы үшін  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арнап өткізіліп отырған республикалық деңгейдегі  Конференция -  аудандағы жалпы білім беру мекемелері арасындағы  алғашқы бастама. Конференция  ынтымақтастық, бауырмалдық, жақындық атмосферада өтті. Білім саласындағы  ортақ құндылықтар туралы мәселе қозғалып,  мектеп мұғалімдері арасында   жаңа бағыт, соны серпіліс тудырды. 
№11 «Жеңіс» мектеп- гимназиясы ұжымы мен оны басқарып отырған Гүлжан Тұрарбекқызына салмағы зор келелі жиын үшін ризашылығымызды білдіреміз!
 

Теги: