ДОСТЫҚ - БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ НЕГІЗІ

Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 1- курс студенттері «Достық-бірлік пен ынтымақ негізі» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырды. 

Мақсаты: достық сезімді студенттердің бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу. 

Іс-шарада студенттеріміз Рахматулла Досымхан, Әділбай Ұлан, Отарова Роза, Шәріп Қарашаш, Достова Фарангиз, Құлсүлейменова Гүлмира, Рүстембек Аружан, Тұрышбек Мерей, Халикова Ф. т.б ән шырқап, би билеп достық туралы жазған ғұлама ақындардың жыр шумақтарынан сыр шашты.

Кафедра ұстазы ҚР мәдениет қайраткері Бөрі Исаұлы өз ойымен бөлісіп жыр шумақтарын арнады.