Сағынады ақынды сыздап жүрек

Egemen Qazakhstan, 17 ақпан 2022 жыл, 16 бет

Сілтеме: https://egemen.kz/article/304404-saghynady-aqyndy-syzdap-dgurek

Түркістан облысындағы «Сырдария» университетінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Сағынады ақынды сыздап жүрек», «Махаббат поэзиясының королі» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Университеттің «Гума¬ни¬тарлық ғылымдар және заң» фа¬культеті, «Филология» кафедра¬сына қарасты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау бағдар¬ламасы сту¬денттерінің ұйым¬дасты¬руы¬мен өткен әдеби-сазды кеш ақынның өмірі мен шы¬ғармашылығы туралы дерек беретін бейнебаяннан бас¬талды. Ақынның өлеңдерін, поэмаларын мәнеріне келтіріп орындауда студент-жас¬тар керемет шеберліктерін көр¬сетті. Студенттер «Мен деп ойла», «Ай¬татын саған сырым бұл», «Есіңе мені алғайсың» әндерін тамылжыта орындады. Арайлым Әшірәлі мен Аружан Оңалтай ақынға арнаған өз¬дерінің өлеңдерін оқыды. Сту¬дент¬тердің «Жетімдер үні» мен «Мұ¬қағалидың ту¬ған күні» қойы¬лымы да кө¬рер¬мен¬нің поэзия саң¬лағына деген көзқарасына, ой-пара¬сатына айқын мән кіргізді.
– Аталған іс-шараның бас¬ты мақсаты – Мұқағали Мақа¬таевтың өмірі мен шығар¬ма¬шылығына шолу жасау. Ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екендігін таныту, ақын¬дық талантын шәкірт жүре¬гіне ұялату, сол арқылы олар¬дың бойында поэзия әле-міне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалып¬тастыру. Айшықты ас¬тармен, тартымды тұс-пал¬мен, ұтқыр ұйқаспен көм¬керіліп, рухани терең тебі¬реністің өрнекті өзе¬гінен өрбитін көмескіге көзі қырағы біртума ақынның ора¬лымды ойлары, күйінішті жан күйзелісі, сүйінішті сырлы сезімі айырықша дарынды, сағыныш сарынды өлмес өлең жолдарынан келісті көрініс тауып, жыр сүйер қауым Мұқа¬ғали рухына тағзым етіп, жан те¬бірентерліктей әсер¬лі өлең¬дері арқылы өзімен сырлас¬қандай күйде болды, – дейді философия докторы Мұратбек Анарбайұлы.
 

Теги:

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.