МАХАББАТ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КОРОЛІ

Жаңа Жетісай, 18 ақпан 2022 жыл, 4 бет

Жуырда «Сырдария» университетінде «Барлығы да, Поэзия, сен үшін», - деп жырлаған әдебиет майталманы, қазақтың қара өлеңін құдіретке айналдырған Мұқағали Мақаевтың туылған күніне арналған «Сағынады ақынды сыздап жүрек» не «Махаббат поэзиясының королі» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Аталған іс-шараның басты мақсаты - Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екендігін таныту, ақынның ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Жыр кернеуі алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Қысқа ғана ғұмырында М.Мақатаев ұрпақтарға ұланғайыр мұра қалдырып кеткен ұлы ақын деуімізге болады.
Университеттің «Гуманитарлық ғылымдар және заң» факультеті, «Филология» кафедрасына қарасты Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы студенттерінің ұйымдастыруымен әдеби-сазды кеш ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы дерек беретін бейнебаяннан бастау ал¬ды. Кеште ақынның өлеңдерін, поэмаларын мәнеріне келтіріп орындауда студент-жастар керемет шеберліктерін көрсетті. Кеш барысында Оспан Ұлжан мен Юсуп Мадина «Мен деп ойла», Қыстауова Акдидар «Айтатын саған сырым бұл», Смайылов Ерсұлтан мен Көпжасар Бағдат «Есіңе мені алғайсың» әндерін тамылжыта орындады. Әшірәлі Арайлым мен Оңалтай Аружан ақынға арнаған өздерінің арнау өлеңдерін оқыды. Студенттеірдің сахналастыруымен «Жетімдер үні» атты өлеңі мен «Мұқағалидың туылған күні» қойылымы көрерменнің поэзия саңлағына деген көзқарасына, ой-парасатына айқын мән кіргізді.
Айшықты астармен, тартымды тұспалмен, ұтқыр ұйқаспен көмкеріліп, рухани терең тебіреністің өрнекті өзегінен өрбитін көмескіге көзі қырағы біртума ақынның оралымды ойлары, күйінішті жан күйзелісі, сүйінішті сырлы сезімі айырықша дарынды, сағыныш сарынды өлмес өлең жолдарынан келісті көрініс тауып, жыр сүйер қауым Мұқағали рухына тағзым етіп, жан тебірентерліктей әсерлі өлеңдері арқылы өзімен сырласқандай күйде болды.

Мұратбек АНАРБАЙҰЛЫ, «Сырдария» университетінің қауымдастырылған профессор м.а., философия докторы (PhD).


 

АРТЫНДА ӨШПЕЙТҰҒЫН ІЗ ҚАЛДЫРҒАН

«XXI ғасыр ақыны» атанған Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976) - қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағыі Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болды. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мүнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») 1963-1965, «Жұлдыз» (1965-1972) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісіндежариялап үлгерді.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылысемес. Оныңөлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемеддендіре түсті.
Мұқағали аударма саласында да өзіндік шеберлік шалымымен толымды еңбектер тындыра алды. Ол Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Ш експирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақтіліне аударды.
М.Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" аттыі прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды. Өмірді сүюдіңғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэма- сында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді. М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымдш тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыстауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттықзермен кестеленген.
Міне, бүгінде Ақпан айы ақиық ақын- Мұқағали Мақатаевтің 91 жылдық еске алу шығармашылығына орай "Мұқағали Мақатаев - XXI ғасыр ақыны" атты кеші "Сырдария" университетімізде өтті. Ic-шарага үлкен үлесін қосқан п.ғ.к доцент КОКУМБАЕВА ТОРҒАЙ ИГЕНҚЫЗЫМЕН, Кітапхана ісінің меңгерушілері: Агубаева Гүлшат, Батырханова Светлана, Досыбекова Оразкүл жене өзім. Сондай-ақ, "Дарынды Жастар" "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемщйі" ( білім беру бағдарламасы) мамандығының 1 курс белсенді студенттері.

Фатима МАЛДЫБЕКОВА, «Сырдария» университеті кітапханасының меңгерушісі.
 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары