«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2021» жеңімпазы

Жаңа Жетісай, 18 ақпан 2022 жыл, 2 бет

PDF-нұсқа

Жетісай ауданындағы «Сырдария» университетінің Ғалым хатшысы, фило¬логия ғылымдарының кандидаты, про¬фессор м.а. Абенова Ләззат Усманқызы «ЖОО үздік оқытушысы - 2021» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Ләззат Усманқызы өз біл імінің, дүние-танымының, батылдылығының, өзіне деген рухани сенімділігінің және тынымсыз педагогтік, шығармашылық еңбегінің арқасында топты жарып жетістікке жетіп отыр.
Жалпы, байқау жыл сайын оқытушылардың беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.
«Байқауға еліміздің 76 жоғары оқу орнынан барлығы 718 үміткер қатысты. Байқауда электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отаңдық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнер табысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер бағаланды, сондай-ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау қызметіндегі еңбегі бағаланды», - деп атап өтті Білім және ғылым вице¬-министр Қуаныш Ерғалиев.
Университет мәртебесін, абыройын асқақтату жолындағы шығармашылық еңбегіңіз бен ғылыми ізденістеріңіз Сізді биік белестерге жетелей берсін!
Біз Сізді мақтан тұтамыз! 
«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ
 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.