Ішкі академиялық саясат бағдарламасын іске асыру
Профессор–оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуын жұзеге асыру мақсатында: «Сырдария» университеті мен Қызылорда «Болашақ» университеті арасындағы екі жақты келісім шарт негізінде 2022 жылдың 20-29 сәуір оқу мерзімі аралығында университетіміздің профессор-оқытушылары, дәріс оқып, сертификаттармен марапатталды:
Республикалық студенттік ғылыми жұмыстар байқауының жеңімпаздары
2021-2022 оқу жылындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық жыл сайынғы конкурсының (СҒЗЖ) II кезеңінің қорытындысы
6В06102 (5В060200) –«Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша
«Сырдария» университеті студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсын (СҒЗЖ) өткізу бойынша базалық ЖОО ретінде 2021-2022 оқу жылы бойынша СҒЗЖ ІІ кезеңінің қорытындысын шығарды:
6В06102 (5В060200) –«Информатика»
Құттықтаймыз!
ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
«Жалпыхалықтық Референдум - оң өзгерістер бастауы» тақырыбында форум өтті
Бүгін Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі Түркістан облыстық штабының мүшесі, ҚР ҰҒА академигі, п.ғ.д., профессор, «Сырдария» университетінің директорлар Кеңесінің төрағасы Оңалбай Аяшұлының қатысуымен Республикалық референдумды насихаттау және түсіндіру мақсатында форум өтті.
Студенттердің жетістіктері
2022 жылдың сәуір айында Сырдария университетінің студенттері мен магистранттары Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясында (РАНЭПА) өткен «Құқық» және «Экономика» номинациялары бойынша Халықаралық студенттік ғылыми кездесулерге белсенді қатысты.
Орталық Азия елдері ректорларының Форумы
Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ұйымдастырумен Орталық Азия елдері ректорларының Форумы өтті. Форум жұмысына «Сырдария» университетінің проректорлары, декандары, кафедра меңгерушілері, оқу-әдістемелік басқарма мен тіркеу офисінің басшылары онлайн қатысты. Онда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Түркменстан Республикасының ректорлары қатысып, жоғары оқу орындарының білім сапасын арттыру мақсатында өз ойларын ортаға салды.
«Біз жемқорлықсыз мемлекет құрамыз» тақырыбында өңірлік семинар
«Біз жемқорлықсыз мемлекет құрамыз» тақырыбында өңірлік семинар болып өтті. Сыбайлас жемқорлық - бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Осы мақсатта «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Біз жемқорлықсыз мемлекет құрамыз» тақырыбында өңірлік семинар болып өтті.
ҚАЗАҚ ӘН ӘЛЕМІНІҢ ПАДИШАСЫ - РОЗА БАҒЛАНОВА
Қазақтың ән әлемінде атақ даңқы әлемге жайылып, есімі белгілі болған тұлғалар баршылық. Солардың бірегейі Қазақстанның Кеңес Одағының халық әртісі, Халық қаһарманы, қайталанбас ғажап дауыс иесі, ұлы әнші Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл толу мерекесі кеңінен аталып өтуде.
7-мамыр – Отан қорғаушылар күні
«Сырдария» университетінде 7-мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Отан қорғау – ерге сын» атты тәрбиелік іс-шара болып өтті. Тәрбиелік-тағылымдық маңызы зор бұл іс-шараны «Сырдария» университетінің ардагер ұстазы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Кокумбаева Торғай Игенқызының жетекшілігімен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 және 2 курсының белсенді студенттері өткізді.
«ЖАС МАМАН-2022» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі
«Сырдария» университеті өз түлектерін жұмысқа орналасуын білім беру қызметі тиімділігінің басты көрсеткіші ретінде қарайды.
Еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзектендіру және түлектердің бәсекеге қабілеттілігі мен қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді көпжақты ынтымақтастықты арттырады.
Университетімізде бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің өткізілуі жыл сайынғы дәстүрге айналған.
Осыған байланысты бүгін «ЖАС МАМАН-2022» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.