«Біз жемқорлықсыз мемлекет құрамыз» тақырыбында өңірлік семинар

«Біз жемқорлықсыз мемлекет құрамыз» тақырыбында өңірлік семинар болып өтті. Сыбайлас жемқорлық - бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Осы мақсатта «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Біз жемқорлықсыз мемлекет құрамыз» тақырыбында өңірлік семинар болып өтті.

Жиынға Жетісай Ауданы әкімінің орынбасары Серик Примбеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ержан Жүнісов пен Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бөлім басшысы Құрманғазы Қалықұл Жетісай Ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Tursyn Mirzaliev пен Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев, "Сырдария" университетінің тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Замзагуль Сламбекова, заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Мира Ихласова, Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы жалпы орта мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының және арнаулы орта оқу орындарының басшылары қатысты.  

«Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында, Білім және Ғылым министрлігінің бірқатар бұйрықтарына енгізілген өзгерістер жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымы мен адам баласы бойына қажетті құндылық қатынастарды қалыптастырып, қабілеттерін дамытатын басты тұлға саналатын ұстаздармен өткен жиында бейнероликтер көрсетілді. Сыбайлас жемқорлық салдарынан қоғамға, өнеркәсіпке келтірілетін зияндар мен кері әсерлері айтылды, жемқорлық қылмыстары жиі кездесетін салалар сөз болды.
Заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ихласова Мира Жарбосынқызы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - әрбір азаматтың борышы" тақырыбында баяндама жасады. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
 

Оқиға категориялары