Орталық Азия елдері ректорларының Форумы

Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ұйымдастырумен Орталық Азия елдері ректорларының Форумы өтті. Форум жұмысына «Сырдария» университетінің проректорлары, декандары, кафедра меңгерушілері, оқу-әдістемелік басқарма мен тіркеу офисінің басшылары онлайн қатысты. Онда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Түркменстан Республикасының ректорлары қатысып, жоғары оқу орындарының білім сапасын арттыру мақсатында өз ойларын ортаға салды. 
Өзбекстан Республикасы Жоғары және арнаулы орта білім министрінің бірінші орынбасары Каримов Комилжон Хамидович, Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Расул Абазбекуулу, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Түймебаев Жансейт Қансеитұлы т.б. тәжірибелерімен бөлісті. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің ректоры Сыдықов Ерлан Бәтташұлы өз сөзінде студенттердің туризмін ұйымдастыру мәселесі жайында ұсыныс білдірді.
Жоғары оқу орындарының арасындағы халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты, байланысты күшейту мақсатындағы бұл Форумда өзекті деген мәселелер қамтылды.
 

Теги: