«Жалпыхалықтық Референдум - оң өзгерістер бастауы» тақырыбында форум өтті

Бүгін Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі Түркістан облыстық штабының мүшесі, ҚР ҰҒА академигі, п.ғ.д., профессор, «Сырдария» университетінің директорлар Кеңесінің төрағасы Оңалбай Аяшұлының қатысуымен  Республикалық референдумды насихаттау және түсіндіру мақсатында форум өтті. 
Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум - жалпыхалықтық деңгейде алғаш рет өткізілмек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 маусымда болатын жал-пыұлттық референдум жайлы шешімі мемлекеттің әрбір азаматына үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймай, алдағы күнге маңызды қадам жасауға жетелейді.  
Форумда «Сырдария» университетінің оқытушы-професорлар құрамы мен студент жастары және мектеп мұғалімдері мен түлектері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша республикалық референдумды қолдай отырып, пайымды пікірі  мен орамды ойларын ортаға салды. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы, конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері және реформалардың негізгі бағыттарын түсіндірді:
- «Сырдария» университетінің Ғалым хатшысы, ф.ғ.к., профессор, «Жоғары оқу орындарының Үздік Оқытушысы-2021» атағының иегері Абенова Л.У. Суперпрезиденттік бас¬қару үлгісі¬нен президенттік республикаға түбегейлі көшу бағыты бойынша; 
- Жетісай ауданындағы Б. Момышұлы атындағы №6 мектеп-гиназиясының 11-сынып оқушысы, Алтын белгі үміткері, Республикалық конкурстардың жеңімпазы Әлімбаева Б. Ата заңдағы Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу мәселесі бойынша түсіндіріп өтті;
- Парламенттің рөлін күшей¬тіп, мәртебесін арттыру бағыты бойынша өз пікірін тарихшы-ғалым, т.ғ.к., доцент, «Филология және гуманитарлық білім» факультетінің деканы Мейірбеков М.Б. білдірді; 
- Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту бағыты бойынша «Сырдария» университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс  студенті, мемлекеттік грант иегері, оқу озаты Оспанова Ұ. өз ойын жеткізді; 
- Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру мәселесі бойынша жас өркен, №11 Жеңіс мектеп-гиназиясының бітіруші түлегі, Алтын белгіге үміткер, оқу озаты Өмірқұл Е. ақпарат берді.
Сондай-ақ, Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша өз пікірімен жас ғалым, «Сырдария» университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, ИҒЗ зертханасының меңгерушісі, философия докторы, профессор, «ЖОО Үздік оқытушысы» атағының иегері Абдуразова П.Ә. бөлісті.
Форумды Референдумды қолдау жөніндегі Түркістан облыстық штабының мүшесі  Оңалбай Аяшұлы қорытынындылады. 
Біз Жаңа Әділ Қазақстанды бірге өркендетеміз,  бірге құрамыз! Баршаңызды 5 маусым күні өтетін Референдумға дауыс беруге шақырамыз!
 

https://www.facebook.com/syrdariyauniversity/posts/403843451650518

https://t.me/SyrdariyaUniversity/583

https://vk.com/wall548014003_617

Оқиға категориялары