ҚАЗАҚ ӘН ӘЛЕМІНІҢ ПАДИШАСЫ - РОЗА БАҒЛАНОВА

Қазақтың ән әлемінде атақ даңқы әлемге жайылып, есімі белгілі болған тұлғалар баршылық. Солардың бірегейі Қазақстанның Кеңес Одағының халық әртісі, Халық қаһарманы, қайталанбас ғажап дауыс иесі, ұлы әнші Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл толу мерекесі кеңінен аталып өтуде. Майдан даласын аралап, өнер көрсеткен жауынгер әнші Роза апамыз өмір мен өлім үшін арпалысып жүрген әрбір кеңес жауынгерлеріне қазақ, орыс және өзге ұлт композиторлары шығармаларымен бірге, асқан талғампаздықпен қазақтың халық әндерін орындауы арқылы оларға туған ауылдың келбетін ата-анаға деген сағынышын көз алдына елестете отырып, әрбір жауынгердің туған еліне батыр болып оралуына, қазақтың халық әні арқылы да рух-жігер бергені, тек ұлы әнші Розаның қолынан ғана келген еді.
Факультеттің 6В01403- Көркем еңбек және сызу білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері тәлімгер Келесхан Арайлым Темірханқызының басшылығымен «ҚАЗАҚ ӘН ӘЛЕМІНІҢ ПАДИШАСЫ - РОЗА БАҒЛАНОВА» атты шығармашылық кеш болып өтті. Кеште студенттеріміз «Жайдарман», «Қараторғай», «Айнамкөз» атты халық әндерін орындады.Би билеп, әннен шашу шашты. Кафедра профессоры Бөрі Иса «Самара-городок» әнінің музыкасын орындап берді. 
Сыр бойынан түлеп ұшқан, қайталанбас ғажап дауыс иесі, ұлттың ұлы әншісі Роза Тәжібайқызының ән әлемі алыстаған сайын биіктей бермек. Адалдық пен парасаттылық, әсемдіктің тұмарындай боп жарқырай бермек. Өйткені, халықтың сүйікті әншісі миллиондаған қазақстандықтың жүрегінде мәңгіге сақтаулы.