Орта-Азиялық еріктілер форумы

15 тамыз күні Түркістан қаласында Орта-Азиялық еріктілер форумы өз жұмысын бастауына орай форум өтті. 
Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан 200 адам қатысты. Осы орайда Жұмабек Ташенов университетінің атынан ең белсенді қатысушыларға оқу орнымыздың имидждік сыйлықтары табысталды. 

"BIR TOLQYNDA" атты диалог алаңы

17 тамыз күні оқу ордамызда "BIR TOLQYNDA" атты диалог алаңы болып өтті.
Ашық диалог алаңына қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Геннадиевич Шиповскихқа университетіміздің жастары өз ұсыныстарын айтып, көкейінде жүрген сұрақтарын қойды.
Отырысқа сарапшылар ретінде университетіміздің ректоры Байболов Қанат Сейтжанұлы, «??????» партиясы ШҚФ атқарушы хатшысы Жанар Әлібекқызы, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Жолдыхожаев Мұрат Жаңабайұлы қатысты.
 

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ҰЖЫММЕН КЕЗДЕСТІ

Жұмабек Ташенов атындағы университетінің басты мақсаты – үздік оқу орындарының қатарында болу және халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру.
Осы орайда, бүгін университет ректоры Байболов Қанат Сейітжанұлы сұхбаттасудан өткен профессор-оқытушылармен университетті таныстырып, жаңа оқу жылының даму перспективасы жайында, алға қойған университеттің мақсаттары жайында айтып өтті.
 

Сырдария университеті Жұмабек Ташенов атындағы университет болып өзгерді

Сырдария Университеті Жұмабек Тәшенов университеті болып өзгеріп, Шымкент қаласына қоныс аударды. Оқу орнының Жетісайдағы ғимаратында ғылыми жұмыстар жанданады. Болашақта үшінші мегаполисте 15 гектар аумаққа университет ғимаратын салу жобаланып отыр. Бұл туралы университет ректоры Қанат Байболов мәлім етті. (Толығырақ"Өзге пікір" газетінен оқуға болады)

Шығармашылық емтихан

Мұғалім маманындығына түсуге талабы бар түлектер үшін "Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау" бағдарламасы бойынша емтихан дәл бүгін басталды.
Талапкерлерді оқу орнымызда көргенімізге өте қуаныштымыз және біз сіздерге тек сәттілік тілейміз!
Университетімізде бүгін талапкерлерге арналған шығармашылық емтихандар басталды.
Жас дизайнерлерге арналған «Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша емтиханда талапкерлер өз бақтарын сынап көрді.
Біз талапкерлеріміз емтиханды өте жоғары деңгейде тапсырды деп сенеміз
Барша талапкерлерге сәттілік тілейміз!
 

ДОМБЫРА КҮНІ – ҰЛТТЫҢ ҮНІ

Барлық уақытта қазақ халқының жан серігі домбыра болды. Домбыра ең көп таралған музыкалық аспаптардың бірі. Домбыра күнінің ұлттық мерекеге айналуы – көнеден жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға.

АҚ ТІЛЕКТЕР АҚТАРЫЛҒАН КҮН

Қазіргі таңда «Сырдария» университетінің «Спорт және өнер» факультетінің 5В012000- Кәсіптік оқыту, 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В042100- Дизайн білім беру бағдарламасының бітіруші түлектері дәл осындай шаттыққа кенелуде, бұл күн биылғы университет бітіріп, үлкен өмірге қанат қаққан түлектердің есінде ұзақ сақталмақ.
Диплом беру рәсіміне құтықтау сөзге ҚР Мәдениет қайраткері профессор Бөрі Иса жастарға игі тілектерін тілеп диплом табыстады.

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
6В01402– Музыка мұғалімдерін даярлау  білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Мамадияр Мұстафаәлі ҚР ЖОО арасында өткізілетін Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу конкурсында 3-орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Кожагулова Гулнар Есенқызына жас ұрпақты тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі, шығармашылық тәлімгерлігі мен патриотизмі үшін ерекше Алғыс айтамыз! 
 

ҚР Мемлекеттік рәміздері күні

«Сырдария» университетінде 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері болып саналады. 
Іс-шара мақсаты - жастарға  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін кеңінен насихаттау, Мемлекеттік Туды ұлықтау әрі оның қадірін жас ұрпақтарға жан-жақты түсіндіру, рәміздерге деген құрметті арттыру. 

Оқиға категориялары