“ҮЗДІК ЖАСТАР - 2021” премиясы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Жастар ресурстық орталығына 10 жыл толуына орай аудан әкімінің “Үздік жастар - 2021” премиясы өтті.
Премияда университетіміздің бөлім басшылары мен студенттері қатысып, "Үздік номинация" иегерлері атанды.
"Үздік жастар ұйымының төрайымы" номинациясын Жастармен жұмыс атқару бөлімінің басшысы Тұрсын Ақерке иеленді.
“Үздік оқытушы” номинациясын “Ғылыми зерттеу және коммерциялау” бөлімінің басшысы Мазанбекова Меруерт алды. 

ЖАС ҒАЛЫМ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беру туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №600 бұйрығына сәйкес «Сырдария» университеті «Ақпараттық технологиялар және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Небесаева Жанар Орынбекқызы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.

«СЫРДАРИЯ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ АШЫЛУЫ

Syrdariya school  артықшылықтары:
✅ ағылшын тілін интенсивті режимде оқыту;
✅ ағылшын тілін шетелдік мұғалімдер оқытады;
✅ математика мен физика пәндерін тереңдетіп оқыту;
✅ жоғары білікті мұғалімдер;
✅ шетелдің тәжірибелі мамандарынан білім алу мүмкіндігін ұйымдастыру;
✅ оқыту процесінде баланың сыни тұрғыдан ойлауын дамытатын технологиялар қолданылады;
✅ оқу бағдарламасының икемділігі, балалардың өздерін қызықтыратын пәнді таңдай алу мүмкіндігі;
✅ заманауи материалдық-техникалық база;

Университет және мектеп: білім саласындағы ынтымақтастық

Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясы «Сырдария» университетінің қолдауымен 2021 жылдың 21 желтоқсан күні «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: мектеп мұғалімдерінің заманауи білім әлеуеті мен жетістіктері» тақырыбында  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. 
Конференцияға аудандағы жалпы білім беру мекемелерінен мектеп директорлары, мектеп директорының оқу-тәрбие орынбасарлары, педагог-психологтар, пән мұғалімдері және «Сырдария» университетінің профессор-оқытушылары қатысты.

"БІЛІМДІЛЕР АЛАҢЫ" интеллектуалды ойын өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Жетісай ауданның жастар арасында "БІЛІМДІЛЕР АЛАҢЫ" интеллектуалды ойын өтті.
Syrdariya University Students' Union ұйымының белсенді студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 
Жүлделі 2-орынды "Тарих мұғалімдерін даярлау" БББ 1- курс студенті Серікбай Зулхарнай иеленсе, 

Республикадағы үшінші электронды кітапхана

10 жыл ішінде «Сырдария» университетінің электронды кітапханасы Қазақстандағы ең танымал кітапханалардың бірі болып табылады. Университеттің барлық 9300 электронды ресурстары Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығының қорына енгізілген. 2021 жылдың қорытындысы бойынша біздің университет электронды кітаптарды жүктеп алу саны бойынша үшінші орында

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтаймын!

Құрметті «Сырдария» университетінің ұжымы және студент жастар!

Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

ӨНЕР МАЙТАЛМАНЫ

Қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырзалиевтің ақындық тілімен айтқанындай, шынында да, “Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра” - деуінде шынайы ұлттық болмысты тани білу бар дер едік.
Бөрі Иса – бүгінде қазақтың домбыра өнерін шығармашылық, ғылыми, домбыратану деңгейіне көтерген заманауи домбырашы, сазгер, дәулескер күйші әрі шебер орындаушы.

Тәуелсіздік - мәңгілік ел-тұғыры

«Спорт және өнер» факультетінің 5В010600-«Музыкалық білім», 5В012000-«Кәсіптік оқыту», 5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - мәңгілік ел -тұғыры» атты мәдени іс-шара өтті. 
Факультеттің өнерлі жастары мың бұралып би билеп, әуезді әндер айтты. Тағылымы мол, мазмұны терең мерекелік шараның білім ордасы жастарына үлгі-өнеге болары анық.

Ашық есік күні

«Заңтану және экономика» факультетінің ұйымдастыруымен "Кəсіби бағдар апталығы" аясында жоспарланған "Ашық есік күні" ауқымды дəрежеде өтті. 

Іс-шара мақсаты - мектеп бітірушілердің қабілітін ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кəсіби өзін-өзі анықтауды дамыту жəне мақсатқа қол жеткізуге дұрыс жол көрсету. 

Оқиға категориялары