Өзін-өзі басқару құрамына іріктеу жүруде

Университетімізде Студенттік өзін-өзі басқару құрамына іріктеу жұмыстары жүруде. Бұл іріктеудің жұмыстарының басы ағымдағы жылдың наурыз айында өткен “Тәшенев талантты жастары” конкурсынан бастау алады. Осы іріктеу жұмыстарының қорытындысы бойынша университет Президенті жанындағы Студенттік кеңес құрамы мен Студенттік ректорат құрамы “Ашық сайлау” жүйесі арқылы құрылатын болады. Ашық сайлаудың өту барысын Zoom платформасы арқылы университет студенттері мен қызметкерлері көре алады.
Университеттің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғ.Битұрсын белсенді жастармен кездесіп, «Ашық сайлау» жүйесін түсіндірді. Ертең Студенттік ректорат құрамы белгілі болады.
 

Оқиға категориялары