9 мамыр – Жеңіс күні

Ардақты ағайын!
Баршаңызды Жеңіс мерекесімен құттықтаймын!
Біздің бүгінгі жетістіктеріміз, аспанымыздың ашық болуы – Отан қорғауда қаһармандық көрсеткен аға буынның арқасы.
Біз олар көрсеткен ерлік, жанқиярлық еңбек алдында әрқашан бас иіп, тағзым етеміз. Соғыс жылдарындағы аталарымыздың ерлігі мен әжелеріміздің еңбегі – халық жадында мәңгі сақталады.
Бабаларымыздың батырлығы, халқымыздың қайсарлығы кейінгі ұрпаққа өшпес мұра, өнегелі үлгі болып қала береді. Жеңіс солдаты болған барлық аталарымыздың есімдері ерлік дастанына жазылып, ұрпағымыз әрдайым ардақ тұтатын болады.
Еліміз тыныш, аспанымыз әрдайым ашық болсын!
Әрбір отбасына бақ-береке, шаттық тілеймін!

Құрметпен, Ж.Тәшенев университетінің ректоры Қ.Байболов