SU Debate

Syrdariya University Students’ Union ұйымдастыруымен студенттік пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа 2 команда қатысты. Білім алушылар “Б.П.21 ғасырдағы ең қажетті мамандықтыкөрсетеді” тақырыбында пікір таластырды. 
Дебат 3 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде командалар жеке көзқарастарын таныстырды. Екінші кезеңде қатысушылар қарсы тарапқа сұрақ қойып пікір таластырды. Үшінші кезеңде екі тарапта сындарға жауап беріп, өз аргументтерін нығайтты. 
Пікірсайыс - білім алушыларға кез келген тақырыпта ой алмасуға , өз позициялары мен дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Бүгінгі пікірсайысқа қатысушы білім алушылар студенттік белсенді өмірдің маңыздылығын жоғары бағалап, әрқашан белсенділік танытуға шақырды.
 

Теги: