Қарттарға қамқорлық – жастардың парызы
- 53 views
Бүгін "Сырдария" университетінің белсенді жастары Жетісай қаласындағы жалғыз басты қарттарға қамқорлық көрсетті. "Гуманитарлық білім", "Өнер", "Жаратылыстану және математика" факультетінің студент-жастары жалғыз басты қарт ана Қантөреева Зулфия әжейдің шаңырағына барып, қолғабыс жасады. Үй іші мен ауласын тазалап, ас-суын әзірледі, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Игі бастамаға мұрындық болып, іске асырған жастарға қарт әже батасын беріп, алғысын білдірді.
Жалыны қайнаған өскелең ұрпақтың үлкенге деген құрметі, қамқорлығы бұдан кейін де жалғасын табатыны анық. Қарттарға қамқорлық жасау – жастардың басты парызы.
Оқиға категориялары
Вакансия (4)
Робототехника (4)