"Хронология" ашық сабақ
- 9 views
«Ж.А.Тәшенев атындағы университет» АҚ
«Педагогика және өнер» факультеті
«Тарих және география» кафедрасы
т.ғ.к. қауым.профессор Апашева Сабира Нұрбаевна "Хронология" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Білім алушылардың назарын сабаққа аударып, хронология – уақыттың тереңіне бойлап, тарихтың әрбір сәтін зерделеуге мүмкіндік беретін ғылым ретінде таныстырды. Дәрістің өтілу жоспарымен студенттерге Word wall платформасы арқылы құнды ақпараттар ұсынылып, сұрақтарға белсенді жауап берілді. Студенттер дәріс барысында оқытушымен бірігіп тақырыпты егжей-тегжей талқылады.
Ашық сабаққа кафедраның ғылым магистрі, аға оқытушылар Турумбетова Гульжан Абубакировна, Дүйсенбек Салтанат Жаңабергенқызы, Момынқұл Нұрай Маратқызы қатысты. «Хронология» тақырыбында жаңа ақпараттар мен фактілер айтылды. Дәріс барысында оқу әдістемелік құрал жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер, плакат, презентация, ноутбук, интерактивті тақтамен жұмыс жасалды. Дәріске студенттер белсене қатысып қызығушылығын оятып, түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана білген Апашева Сабира Нұрбаевна дәрісті жоғары деңгейде өткізді. Шығармашыл оқытушы екенін тағы да бір дәлелдеді. Алдағы уақытта тек ізденістер, биік белестер тілейміз!