ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНА ТІЛІ КҮНІ
- 5 views
ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНА ТІЛІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Құрметті әріптестер, студенттер және достар!
Сіздерді Халықаралық ана тілі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ана тіліміз – халқымыздың жаны мен рухы, ұрпақтар сабақтастығының алтын арқауы. Әрбір тіл – бір халықтың мәдениеті мен болмысының көрінісі, ал оны сақтау – баршамыздың қасиетті борышымыз.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет, және біздің еліміздегі әрбір этностың тілі мен мәдениеті – рухани байлығымыз. Біз мемлекеттік тіл – қазақ тілінің өркендеуіне барынша қолдау көрсетіп, оның қоғамдағы рөлін нығайтуға белсенді атсалысуымыз қажет. Сонымен қатар, көптілді білім беру арқылы жастарымызға кең мүмкіндіктер ашылуда.
Осы ерекше күні сіздерге шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен туған тілімізді мақтан тұтып, оны дамыту жолында табыс тілеймін!
Жұмабек Тәшенев атындағы университетінің ректоры, профессор Қ. Байболов