«Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметші» ашық сабақ

«Қазақстан   Республикасының әкімшілік құқығы» пәнінен ашық сабақ өтілді.

           Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің 2025 жылдың 18 ақпанында М.Т. Сатыбалдиеваның 6В04201-Құқықтану БББ 3 курс, ИЭФ-5к1-6  тобы білім алушылары арасында «Қазақстан   Республикасының әкімшілік құқығы» пәнінен «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметші» тақырыбы бойынша жоспардан тыс ашық сабақ (қонақ лекция) өтілді. Ашық сабаққа Б.Момышұлы орталығының арнайы пәндер циклінің бастығы з.ғ.к. полковник Қаратаев Тұрдалы Жақсылықұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің бас маманы Альжанова Жазира Салхановнаның   қатысуымен  өткізілді.
           Ж. Альжанова білім алушыларға мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар туралы түсіндіріп кетті.
          Бұл ашық сабақтың  мақсаты – білім алушылардың мемлекеттік қызмет жүйесі туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету. Мемлекеттік қызметтің қағидаттарын, түрлерін және құрылымын талдау. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін, этикалық нормаларын және кәсіби даму жолдарын қарастыру. Білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ойландырған сұрақтарына жауап ала алды.
 

Оқиға категориялары