«Инклюзивті білім беру және шығармашылық қабілеттерін дамыту» ашық тәрбие сағат
- 20 views
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің, Гагарина 22 А корпусында орналасқан Инклюзивті және арнайы білім беруді қолдау 111 кабинетінде кафеданың аға оқытушысы Ж.Атаева 25.11.2024 күні ПИК 24-7к тобында «Инклюзивті білім беру және шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Инклюзивті білім беру және шығармашылықты дамыту-бұл әртүрлі қажеттіліктері бар балалардың шығармашылығын дамыту үшін тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған процесс. Бұл бағыттың мақсаты-барлық балаларға толыққанды даму үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қоғамның толыққанды мүшесі бола алатындай шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал ету.
Мақсаты: Шығармашылық қабілеттерін дамыту: әртүрлі мүмкіндіктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, оларға ойында өз қиялын көрсетуге мүмкіндік беру.
Міндеттері балалардың шығармашылық жұмыстарда өз ойларын қалай білдіретінін, олардың қабілеттері мен жетістіктерін қалай қабылдайтынын психологиялық талдау.
Қорытынды: Шығармашылықты дамыту және инклюзивті білім беру әр балаға өз әлеуетін толық ашуға, жаңа идеялар жасауға және шығармашылық шешімдер табуға мүмкіндік береді. Бұл процесс балаларға білім беріп қана қоймай, олардың жеке және әлеуметтік дағдыларын дамытады.